Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мәселелері бойынша жергілікті атқарушы билікке келген тұрғындарды қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары және жауапты мекеме өкілдері қатысқан.
Қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Сауалдардың басым бөлігі тұрғын үй, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында берілетін грант мәселелері қозғалды. Тұрғындар тарапынан айтылған өтініштерге аудан басшысы заңдылыққа сәйкес оңтайлы шешiм табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді, - деп жазылған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өз кезегінде аудан әкімі тұрғындар мәселесіне қатысты тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.