Мұнайлыда “Жалдамалы пәтер” жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы 1 апта ішінде заңсыз пәтер жалдап келген 34 тұлға анықталды. 16 үй иесіне қатысты хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар Кірістер басқармасына жолданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, аталған пәтерлерде ешқандай тіркеусіз тұрып келген 55 азамат анықталып хаттама жасақталды.
Оған қоса жалдамалы пәтерлерде заңсыз жүрген 60 шетел азаматы анықталып, Ақтау қаласындағы "қабылдау тарату" орталығына орналастырылды және 9 тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.
Айта кетейік, «Жалдамалы пәтер» іс- шарасы 6 ақпанға дейін жалғасады. Мақсаты жалдамалы пәтерлерде орын алуы мүмкін ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу, тіркеусіз тұрып жатқан шетел азаматтарын және баспаналарын заңсыз жалға беретін пәтер иелерін анықтау. Іс- шара күндері Мұнайлы ауданындағы жергілікті полиция қызметі күшейтілген режимде қызмет ететінін хабарлаймыз.