• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 18 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

8 сәуір күні Ақтауда ауыз су беру уақытша тоқтатылады...

«Ардагерлерге құрмет»: Бозжыра шатқалына саяхат...

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

Ақтауда тұрғындарды вакцинациялау жүріп жатыр...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

  • USD: 430.39 ₸
  • EUR: 515.52 ₸
  • RUB: 5.68 ₸

Мұнайлыда серпін бар

[ 2020 ] 10 ақпан, 15:43  |  Мұнайлы

Жуырда Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров 2019 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және жаңа жылға арналған даму жоспары бойынша тұрғындар алдында есеп берді. Кездесуге облыс әкімі Серікбай Трұмов, облыстық басқарма басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысының тапсырмасымен ауданның әлеуетін арттыруға бағытталған істер сәтті орындалып, оң нәтиже көрсетіп отыр.

Мардымды инвестициялық жобалар жасалды

Былтыр Мұнайлыда 35 жеке инвестициялық жоба жүзеге асып, 690 жұмыс орны құрылған. Жеңіл өнеркәсіп саласында 1 жоба, туризмді дамыту саласында 1 жоба, спорт саласын дамыту бойынша 4 жоба, білім саласын дамыту бойынша 17 жоба, мейрамхана ісі бойынша 7 нысан, 4 сауда орталығы мен супермаркет іске қосылған. Отандық инвесторлардың бастамасымен жүзеге асқан мардымды жобалар бүгінде аудан тұрғындарының пайдасына жарап, жұмыссыздық көрсеткішінің азаюына ықпал жасап отыр. Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге бағытталған жобалар аудан дамуына елеулі үлес қосары анық.

Білім – болашақтың бастауы

Бүгінде Мұнайлыдағы 16 мектеп 33 мыңға жуық балаға білім береді. Ауданда оқушылар саны жыл санап артып келеді. Бала санының көптігіне байланысты мектептерде үш ауысымдық жүйе бар. Сол үш ауысымдық жүйені болдырмау мақсатында аудан бойынша жалпы 5 білім ордасын салу жоспарланып отыр. Қызылтөбе, Батыр ауылдық округтерінен, Бесшоқы тұрғын үй массивінен және Басқұдық ауылдық округінен 1 200 орындық 4 мектеп және бір 600 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамаға тапсырылған.

Ауданда 14 мемлекеттік, 60 жеке меншік балабақша жұмыс жасайды. Биыл бүлдіршіндерді 100 пайыз балабақшамен қамтуға қол жеткізілді.

Әлеуметтік саланың аса маңызды бөлігі саналатын білім саласына жалпы аудан бюджетінің 55,8%-ы бөлінген.

Ой-өрісі кең, сауатты ұрпақ өсіру мақсатында білім саласы басты назарға алынып отыр.

Әлеуметтік қолдау – басты мақсат

2019 жылы 4 000 жұмыс орны құрылады деп жоспарланған ауданда 4 300 азамат жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып отырған көп балалы отбасыларға 100 мың теңгеден бір жолғы жәрдемақы тағайындалған.

2020 жылдың басында аудан бойынша 3 232 отбасы АӘК алып, 4 247 көп балалы отбасы тегін жол жүру куәлігіне ие болған.

Баспана жайы бақылауда

Мұнайлыда «Бақытты отбасы» жоба- сы аясында 47 отбасы баспаналы болып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде есепте тұрған 125 азаматқа осы жоба бойынша баспана алуға жолдама берілген.

2019 жылы Маңғыстау, Батыр ауылдарынан бой көтерген үйде 149 адам қоныс тойын тойлады.

Аудан халқының қолдауымен Батыр ауылдық округінен салынған 2 тұрғын үй «Әр қазақ – менің жалғызым» акциясы аясында баспанаға мұқтаж азаматтарға берілген.

Келелі істер кезегін күтіп тұр

170 мыңға жуық тұрғыны бар бұл ауданға аурухана ауадай қажет болып отыр. Ауданда ешқандай аурухананың болмауына байланысты тұрғындар облыс орталығындағы ауруханада ем алуға мәжбүр. Осыған қатысты аудан әкімі 150 төсектік Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамаға жолданғанын айтты. Жоба мақұлданғаннан кейін аудан тұрғындарының игіліне жарайтын аурухана құрылысын бастауға ұсыныс берілмек.

Батыр ауылдық округінде ауылішілік 160 шақырым автомобиль жолының жобалық-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама орталығы тарапынан қойылған талаптарға сәйкес түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына қарай қаржыландыру мақсатында тиісті органға бюджеттік ұсыныс беріледі.

Атамекен ауылдық округіне ауылішілік 3 шақырым автокөлік жолының құрылысын бастау бойынша жобалық- сметалық құжаттамасы жасақталып, 2019–2021 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізіміне енгізілген. Жоба тиісті орыннан қаржыландырылса, жаңбыр жауса батпаққа айналатын ауыл көшелеріне сән кірмек.

Басқұдық – Маңғыстау бағытындағы орталық бас жолды кеңейтуге арналған және оның құрылысын бастау үшін қаржы көзін қарастыру мәселесіне қатысты жобалық- сметалық құжаттамаларына мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. 2020 жылға бюджеттік тапсырыс беріліп, жоба құны 4 млрд. 11 млн. теңгені құрап отыр.

Адам көп шоғырланатын орындарға бейнекамералар орнатуға қаржы көзін қарастыру үшін құзырлы орындарға ұсыныс берілген.

Дәулет ауылдық округіндегі көшелерге жарық шамдарын жүргізу мәселесі де шешімін күтіп тұр. Ауылды жарықтандыруға қаражат бөлу үшін ұсыныс берілген.

«Ауданның дамуына үлкен серпін әкелетін – ауданның бюджеті. Соған сәйкес аудан бюджеті өсіп келе жатыр. Мұнайлы ауданының тыныс-тіршілігінің дамуына әр уақытта көңіл бөліп, облыстық деңгейде қаражат бөліп отырамыз», – деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Мұнайлы ауданы әкімінің есептік баяндамасынан соң облыс әкімі Серікбай Трұмов тұрғындар сауалына жауап беріп, айтылған мәселелерді шешу жолдарын қарастыруға уәде берді. Сондай-ақ аймақ басшысы тез өсіп келе жатқан ең жас ауданның мәселелері назардан тыс қалмайтынын айтты.

Айта кетейік, Мұнайлы – ең жас әрі күн санап көркейіп келе жатқан облыс орталығына ең жақын орналасқан аудан. 2007 жылы құрылған Мұнайлы ауданының бүгінде 169 900 тұрғыны бар.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ

1929
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Аудан тынысы Мұнайлы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мұнайлыда 5 мектеп салу жоспарланып отыр

Келесі жаңалық

Мұнайлыда биыл 3 жекеменшік мектеп ашылады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Биыл Мұнайлыда ауыз су мәселесі шешіледі

    13 сәуір, 12:40
    428

    Мұнайлылық кәсіпкер пенопласт шығарады

    6 сәуір, 15:04
    560

    Адами капитал - сарқылмас байлық

    28 наурыз, 13:39
    863

    Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

    22 наурыз, 18:24
    293

    Көнеден келе жатқан мереке бұл

    22 наурыз, 15:03
    988

    Мұнайлы тұрғыны түйеқұс бағады

    17 наурыз, 12:06
    1154

    Рубрикалар

      Фото Маңғыстау Редакция Астана - 20 Анықтама бюросы Рухани жаңғыру Құқық Жарнама Редакция туралы Сараптама Ашық қоғам Мәселе

    Автордың басқа да жазбалары

    Қоғамдық тыңдаулар өтеді

    16 сәуір, 15:02
    114

    Маңғыстауда кеше 35 адамнан коронавирус анықталды

    16 сәуір, 09:47
    241

    Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

    16 сәуір, 09:40
    274

    Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

    15 сәуір, 17:18
    229

    Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

    14 сәуір, 16:23
    226

    Маңғыстауда жыл басынан бері 31 экологиялық құқықбұзушылық анықталды

    14 сәуір, 15:39
    294

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»