© Сайт архивінен
Конституция күні қарсаңында Қызан ауылының жастары ауылға ойын алаңын салып берді, деп хабарлайы mangystaumedia.kz.
Ә.Жангелдин атындағы мектептің 2011 жылғы түлектері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауылдастарына үлкен сыйлық жасады.
«Туған жердің топырағын басып, шалшық суына жуынып, балалықтың тәтті дәмін татып, бала дәуреннің естен кетпес куәгері болған өскен өңіріміз өзімізге алтын бесік. Туған жерге, алтын ұя мектепке деген ерекше ілтипатымыз әрдайым жүрек түкпірінде. Береке бірліктің қаймағы бұзылмаған, татулық пен тұрақтылықтың бесігіне айналған Қызан ауылы түлектерінің атынан балалардың ойын алаңын салып, пайдалануға бердік», деді Ә.Жангелдин орта мектебінің 2011 жылғы түлектері.
Ауыл тұрғындары түлектерге алғысын білдіріп, балалар зор қуанышқа кенелді.