Баршаңызға белгілі, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 25 шілдеде тұңғыш рет аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, «алдағы сайлау – саяси жүйеміздің кемеліне келгенінің белгісі ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанын білдіреді».⠀
14 шілде күні сағат 18.00-де сайлаушылармен тікелей өзара қарым-қатынас жасауға жол ашатын үгіт-насихат науқаны басталды. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалынан ауыл әкімдіктеріне үміткер ретінде Жармыш ауылына Абишев Руслан Сидихович, Қызан ауылынан Сүлейменов Қонай Құлбекұлы ұсынылып отыр
Баршаңызға белгілі, «Nur Otan» парламенттік сайлаулардан кейін бірден өз сайлауалды уәделерін іске асыруға белсенді түрде кірісті. Сайлаудан кейінгі міндеттерге орай бүкіл қажетті партиялық инфрақұрылым жаңаша қайта құрылымданды. Жауапты депутаттар мен басшылар бекітілген жол картасы іске асырылуда. Сайлауалды уәделерді мониторингтеу және жергілікті жерлерде өзекті мәселелерді ашып айту үшін белсенді азаматтардың қатысуымен қоғамдық кеңестің өңірлік желісі құрылды.
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалысын жүзеге асыратын Жол картасында кедергісіз ортаны қалыптастыру үшін бірқатар іс-шаралар айқындалған Маңғыстау ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасы негізінде жасақталған жол картасы 110 пункттен, 99 іс-шарадан, 11 индикатордан тұрады. Бүгінгі таңда жол картасы орындалу үстінде және мерзімінен бұрын орындалған пункттер де бар. ⠀Ал «Жастар-Отанға» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Маңғыстау ауданында да 2025 жылға дейін «Jas Otan» ЖҚ жастар үшін жол картасы жасақталды.
Партияны қайта жаңғырту нәтижесінде өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс күшейтілді, партиялық тәртіп арттырылып, партия айналасына жастарды біріктіру және басқа да өзекті міндеттер оң шешімін тапты.
Айбарша ОРДАБАЕВА,
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары