• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 21 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды ...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Боранқұлдағы өрт: Жараланғандардың жеке бас деректері белгілі болды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

  • USD: 425.73 ₸
  • EUR: 498.32 ₸
  • RUB: 5.8 ₸

Ауданнан шыққан алғашқы металлург

27 наурыз, 11:23  |  Маңғыстау

Мұхтар Әуезов «Баймұқамбетұлы жолдас» деген очеркінде бұған дейін беймәлім болып келген Маңғыстаудан шыққан алғашқы металлургтің есімін баян етті.

Мұхтар Әуезовтің очерктері тақырыбындағы курс жұмысы кішігірім ғылыми ізденіске түсірді. Бәрінен бұрын отызыншы жылдардағы газеттерді тауып, барып парақтап, ретке келтіру қиын болды.

А.С.Пушкин атындағы кітапханада «Социалды Қазақстан» газетінің 1935 жылғы тігіндісінде «Баймұқамбетұлы жолдас» деген очеркке көз жүгірттім, аңғарғаным, Жаңай өз өмірі, өз басы туралы өте аз сөйлейді. Ол өз еңбегі, өз табысы дегеннің барлығы – көптің табысы, көптің еңбегінің жемісі, – дейді. Өзін сөйтті деудің орнына ылғи өзі өсірген адамның пәлендей іс еткенін көңілдене, шаттана айтады. Өз жайында оқта-текте айтқан біренсаран мағлұматтарына қарағанда, мұның өз басы құмды, шөбі даладан, жабайыға жақын, бақташы Адайдан шығып, рушылдықты, көшпенділікті құба қалмақ заманын басынан кешіріп, ғасырлар шенін жеңіп өтіп, дүние пролертариатының ұлы партиясының сыналған, көрнекті активінің бірі болып отыр».

Мұхтар Әуезов Баймұқамбетұлы Жаңайды бірбеткей, іске ғана жұмылған сыңар жақ адам емес, үлкен, мәдениетті большевик, өз елінің ән-күйін, театр өнерін, басқа мәдениетін, барлық тарихын тегін біледі деп көрсетеді. Қазақ әні, қазақ музыкасы шығармаларын өте сүйіп тыңдайтын тыңдаушысының бірі, үлкен ойлы сыншысы, ақылшының бірі деп көрсетеді.

Адайдан шығып, партияның көрнекті активі болған Жанкей (Жаңай) Баймұқамбетұлы төңірегінде әңгімені Алшын Меңдалыұлы ақсақалдан там-тұмдап сұрап көріп едім. Алшекең «Маңғыстауда Баймұқамбетұлы деген 2 адам, екеуі де Жаңайдың Сәркені де, сен сұраған (Жаңай) Жанкей Мәскеуде оқыған Жаңай болар», деп әңгімесін доғарды.

Сол қарсаңда (1978 жылдың шілде айы) атақты ақын Хамит Ерғалиев пен кинодраматург Амантай Сартаев, жазушы Берік Қорқытов келіп, Алшекеңе сәлемдесіп, кішігірім той болды. Аудандық «Жаңа өмір» газетінің редакторы Асан Әбдіров сирек кездесетін сәтті фотоға түсіруді маған мұқият тапсырды. Фототілші болған соң аппаратымды оқтап, дайындап қойдым. «Адай шежіресі» кітабындағы Алшекеңнің отбасы және ақын-жазушылармен бірге түскен фотосуреттер менің алғашқы жұмыстарымның бірі еді. Уақыт деген қызық қой. Ленинград жазушыларының повестері мен әңгімелері (құрастырған В.Торопигин) «Туысқан» кітабын оқып отырып, Адайдың алғашқы Мәскеуде оқыған, қызмет жасаған ұлдары жөнінде біраз хабардар болып қалдым. Кітаптың кейіпкері - Адайдың баласы. Екінші олжа-маңғыстаулық азамат туралы шындықтың ашылғандығы. Жазушының өзіне ерік беремін: «Жанкей ойланып сөйлейтін, орнықты адам екен. Тіпті орысша сөйлегенде тілінің шүлдіктігі де жоқ деуге болар еді. Ал ол болмауы үшін бала кезінде орыс көрмеген осынау алдымда отырған ақыл иесі адамның орыс тілінің әр сөзіне қаншалықты еңбек етіп, қаншалықты оқып, үйренгенін түсіну онша қиын жұмыс емес-ті. Сөз саптауындағы қарапайымдылық пен дәлдік, өзге түгілі кейбір орыстың өзі сүрінетін грамматикалық оралымдар бұл кісінің көмейінен өзінен-өзі келіп жатты. Ол үлкен мәдениеттіліктік пен еңбектің нәтижесі еді.

Қоңырқай жүзіндегі кішкентай ғана сызат берген салғырттық бала кездегі жоқшылық пен жалаңаштықтың, жанға жара салатын қиын ауыртпалықтардың, жазықсық көрген талай зәбірдің, талай таяқтың өмір бойына тастап кеткен іздері екенінде дау жоқ-ты.

Орыс жазушысы Павел Николаевич Лукницкий Жанкей Баймұқамбетовті көп ізденетін, көп оқитын, өзін-өзі үнемі шыңдап жүретін, бірақ дәрежеге дәсерсімейтін, барын базар тұтпайтын адам ретінде көрсетеді. Шығыс Қазақстан­­ның алтынды аймағы - Алтайдағы ақжалды орталық комитет жіберген парторг очерк-әңгімелердің бас кейіпкері Ж.Баймұқамбетов туралы не біліппіз?! Қазақстанның екінші шеті Маңғыстау жарты аралында көшіп-қонып жүретін қазақтың қалың руының бірінде туғаны ма?! Жақсы, бұған бала күнінде қой баққанын қосамыз, жалшылықта жүргенін айтармыз, Азамат соғысы кезінде ақтармен соғысып, Қызыл комиссар болғанын, оқуды кейіннен ғана қолға алып, Мәскеуден түсті металл және алтын институтын бітіргенін жазармыз, бірақ ол аз, өте аз емес пе?!

Енді қолға қалам алып жазуға отырғанда Баймұқамбетов ылғи басқа жандар, нағыз еңбек адамдары жайлы жауапкершілікпен көп айтыпты, ал өзі жайлы қойылған сұрақтардың бәріне «Мені қайтесіздер, менің өмірімде ондай үлкен оқиға болған жоқ» дегендей ақтай қалдырыпты, мәдениетті адамның әдетімен әңгімені шебер бұра біліпті.

Очерк-әңгімеде ұққанымыз Жанкейдің әйелі Шахзада да агрономдық оқуды бітіріп, партияға кірген. Алтайдағы Ақжол алтын өндіру шахтасында мәдени-тәрбиелік жұмыстар атқарған. Жазушы сұрағына жауап берген Шахзада Мәскеуге алғаш барған сапарын күліп отырып әңгімелеп береді. Орыс тілін білмейтін, сауатсыз, бұрын Астана түгілі ауылдан шығып көрмеген қазақ қызына алыс сапарға аттанудың өзі үлкен әбігер болған. Қорқа-қорқа жолға шыққан. Өмірде төрт қабатты үй болатынын Мәскеуден көрген. Мәскеу көшелерінің шым-шытырығында талай адасқан. Мұны қоршап алған ылғи бейтаныс адамдардың қазақ тілін білмейтіндеріне ыза болып, жылаған да. Сонан соң бірте-бірте үйрене бастаған, партия қызметімен айналысқан.

Кейінірек Қызылорда қаласында (Астана) прокурор болып істеген. Енді осында келіп, бір кездегі өзі сияқты қазақ әйелдерінің сауатын көтеріп, көзін ашу үшін еңбек етіп жүр екен. «Баймұқамбетов жолдас ол да дәл осы кезде келген. Енді міне, қазір сол шаруашылық – Қазақстан бойынша алдыңғы қатарда. Алтын да көп, жұмысшылардың тұрмысы да, мамандары да баршылық, жалпы жақсы жігіт. Әсіресе, әскерге барып, Түрікмения, Кавказда болып, көпті көріп, біліп қайтыпты.

Жаңай мен Шахзада біздің уақытымыздың бір минутын да босқа ысырап етпей, ең пайдалы істерге бағыттай білді. Тіпті түс кезінде шай үстінде құлағымыз жаңалықтан, қолымыз қаламнан босамады. Екі күннің ішінде Ақжолда алған материалымыз Қазақстаннан қайтып оралғанда кәдуілгі еске түсірудің алтын қоймасына айналды. Мұхтар Әуезов Ақжол туралы пьеса жазбақ болды. Леонид Соболев екеуміз Қазақстан жайлы жол жазбалар жазуға келістік. Ал Ақжолды жазуға жеребе ұстадық.

Орыс жазушысы Павел Николаев өзінің очерк-әңгімесінде «Ақжолда орталық комитет жерінен парторг Жанкей Баймұқамбетов және оның әйелі Шахзаданың жарқын бейнелері көз алдымда ұмытылмастай болып қалып қойыпты» деп жазады.

Біз кітаптың оқырманы ретінде очерк кейіпкері Жанкейдің Адайдан шыққан алғашқы металлург екендігіне мақтанамыз. М. Әуезовтың очеркіне кейіпкер болған Жанкей, түбектің қадірменді қарты, Адайдың шежіресі А.Меңдалыұлы да – 1937-1938 жылдардың кінәсіз азабын көрген аяулы азаматтар.

Бірғали БАЙЕКЕЕВ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

5105
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау аудан тынысы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Нұр жауған ұлыстың ұлы күні

Келесі жаңалық

Маңғыстау ауданында 30 жылда 30 балабақша ашылған

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    1424

    Маңғыстау ауданында 599 жаңа жұмыс орны құрылады

    [ 2020 ] 5 маусым, 15:44
    2053

    Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 1 адам анықталды

    [ 2020 ] 21 сәуір, 09:00
    1644

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    3806

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    3388

    Дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы

    14 қыркүйек, 17:01
    328

    Рубрикалар

      Қызық дерекСараптамаБейнеуМәдениетEXPO - 2017Астана - 20Анықтама бюросыФотоМұнайлыРедакция ұжымыӘлем жаңалықтарыСпорт

    Автордың басқа да жазбалары

    «Урманов Е.К» ЖК қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:50
    169

    «Нарембаев А.Б» ЖК-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:43
    169

    «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:41
    160

    «ММД-БекРыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:32
    150

    Сенек - көне қоныс, көркейген ел

    17 қыркүйек, 11:20
    296

    Вакцинациялау вирустың таралуын азайтады

    17 қыркүйек, 11:01
    216

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»