Маңғыстау ауданына қарасты Сайөтес ауылындағы Толыбай шағын ауданының ауылішілік жолының құрылысы басталды. Бұл теміржолдың арғы бетінде орналасқан шағын ауданды ауылдың орталығымен жалғамақ. Бұл туралы Сайөтес ауылының әкімі Нұржан Бөкенбаев мәлім етті. Оның айтуынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында құрылысы басталған жолдың ұзындығы 5,6 шақырымды қамтиды.
«Сайөтес ауылының Толыбай шағын ауданының селоішілік жолдарын салу жұмысы да осы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Сайөтес ауылы темір жол арқылы өтетін көпір құрылысын салу үшін мердігер мен тапсырыс беруші арасында келісім шарт жасақталуда. Ауылдық амбулатория мен дәрігер үй толық жөндеуден өтті. Ауылға «Транстелеком» акционерлік қоғамы 21 үйге Wi-Fi интернет орнатты», - деді Сай Өтес ауылының әкімі Нұржан Бөкенбаев