• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 19 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

«Таза сайлау» бақылаушылары Маңғыстауда...

Қала тұрғындары сайлауда белсенділік танытып жатыр...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

  • USD: 420.29 ₸
  • EUR: 506.87 ₸
  • RUB: 5.66 ₸

Өркендеу жолында

[ 2020 ] 5 ақпан, 08:19  |  Бейнеу

4 ақпан күні Абыл мәдениет үйінде аудан әкімінің тұрғындар алдында қорытынды есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге облыс әкімі Серікбай Өтелгенұлы Трұмов, облыстың басқарма басшылары, мәслихаттардың депутаттары, ауыл әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары, аудан тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі Бейнеубек Әбілов Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмалары бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы кеңінен баяндама жасады. Баяндамада ауданда халық саны 2018 жылмен салыстырғанда 2 пайызға өсіп, 70 мыңға жеткені, ең бастысы жалпы тұрғындардың 39,4 пайызын құрайтын экономикалық белсенді азаматтардың 96 пайызы жұмыспен қамтылғаны анық байқалды. (Аудан әкімінің 2019 жылдағы атқарылған жұмыстар туралы есептік баяндамасының толық мәтіні «Рауан» газетінің 2020 жылғы 14 қаңтар күнгі № 2 санында жарияланды).

Аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді баяндағаннан кейін «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жеке қабылдау өткізген кезде 689 тұрғыннан түскен өтініштердің орындалуын саралады. Тұрғындар тарапынан күнделікті тұрмыстағы мәселелер бойынша 210, атаулы әлеуметтік көмек мәселесі бойынша 136, тұрғын үймен қамту бойынша 96, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік мәселелер бойынша 76, коммуналдық салаға байланысты 61, кәсіпкерлік сала бойынша 19, білім саласына байланысты 16, еңбек дауы бойынша 11, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша 12, жолаушылар көлігі және автожолдардың мәселелері бойынша 7, қаржылай көмек көрсетуді сұраған 19 өтініш түсіп, бұлардың көпшілігі шешімін тапқанын, халықтың ұсыныс-пікірлері бойынша жұмыс жалғасып жатқанын жеткізді. Одан әрі 2019 жылдағы есептік кездесу кезінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен облыс әкімдігі тарапынан жасақталған хаттамалық тапсырмалардың орындалысын талдады. Тұрғындардың Бейнеу ауылында қоғамдық көлік жүретін көшелерге аялдамалар мен жол белгілерін орнату, Бейнеу ауылынан Төлеп ауылына дейін жоғары кернеулі электр желісін тарту, Боранқұл ауылынан «Қазпошта» АҚ-ның екінші бөлімін ашу, медициналық тексерістен және скринингтен өту кезіндегі қолайсыздықтарды оңтайландыру, аудандық ауруханада жалпы тәжірибелік және педиатор дәрігерлердің жүктемесін азайтып, жұмысын оңтайландыру, мал шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген азаматтарға жер беру, Сарға ауылындағы Д. Тәжіұлы көшесіне қиыршық тас төсеуге байланысты ұсыныстардың орындалғанын жеткізді. Тұрғындардың орынды талаптарын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда. Бейнеу ауылында халық саны өсіп, оқушылардың көбеюіне байланысты Ж. Қалдығараев, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептердің қосымша құрылыстары мен Тобанияз, Тоқабай Құрмаш, Сүгір Бегендікұлы көшелеріне қиыршық тасты автожол құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, қаржы бөлу мәселесі шешілді, бұл жұмыстар биыл басталады. Тұрыш мектеп-балабақша кешеніне спорт зал құрылысын бастауға жобалық-сметалық құжат дайындауға қаржы бөлінді. Бейнеу ауылында жаңа 624 орындық типтік мектеп құрылысы жобасының жобалық сметалық құжаттарын дайындау қолға алынды. Сыңғырлау ауылына дейінгі кірме жолдың құрылысына қажет қаражат 2020 жылғы бюджет жоспарына ұсынылып, қолдау тапты. Ауыл тұрғындарының өтініштеріне сәйкес Тәжен, Сам, Тұрыш ауылдарында интернет жылдамдығын күшейту жұмыстары жүзеге асады. Биылғы жылы 10 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланып отыр, бұл тізімге тұрғындардың өтініші бойынша А. Өтеуов көшесі де енгізілді.15 мектепке бейне бақылау камерасы орнатылып, 16 мектепте ішкі әжетхана салынады. Үш жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселе аудандық ауруханаға компьютерлік томограф, УЗИ эксперт класс аппаратын алу болатын. Аудан тұрғындары үшін ең бас- ты жағымды жаңалық - биыл бұл мәселе облыс әкімінің қолдауымен қаржыландырылатын болып отыр. Бейнеубек Көңілімқосұлы осы мәселелерді талдап, тарқатып айта келе «Облыс әкімдігі тарапынан берілген 187 хаттамалық тапсырманың 182-сі орындалды. Орындалмаған 5 хаттамалық тапсырма 2020 жылы жоспарлы орындалатын мәселелер қатарында» деп атап көрсетті. Сондай-ақ биылғы жылы аудан орталығынан 27 пәтерлік үш тұрғын үй құрылысын қолға алу жоспарланып отырғанын айтып өтті. Аудан әкімі Б.Әбілов өсіп, өркендеу, даму жолына түскен аудан тұрғындарының орынды ұсыныс-пікірлерін тыңдап, халық талабына сай жұмыс жасау ең басты мақсат екенін жеткізді.

Баяндама аяқталғаннан кейін пікір білдіруге сөз алған Қайнарбай Байбатыров, Сәнім Аймағамбетова, Дінмұхаммед Иманов, Сәрсен Қадыр, Орақбай Ержанов, тағы да басқа көпшілік азаматтар аудан әкімінің атқарып жатқан жұмыстарына оң баға берді. Бірқатар тұрғындар ауылдардың келбетін жаңалау, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы шешімін күтіп тұрған мәселелер - «Жедел жәрдем» көліктерін жаңалау, «Жедел жәрдем» қызметін шақыруды оңтайландыру мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә. Сағымбаев қанағаттанарлық деңгейде жауап берді. Аудан әкімі Б. Әбілов есептік кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер мен қойылған сұрақтардың орындалысы қаперде болатынын айтты.

Есептік кездесуде өңір басшысы Серікбай Өтелгенұлы сөз алып, Бейнеудің өсіп, өркендеп, дамып келе жатқандығын атап өтіп, алдағы уақытта заман талабына сай атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.

Аудан әкімдері мәслихат, қоғамдық кеңес мүшелерімен ақылдаса отырып, ауыл әкімдері қауымдастық талқысына салып, бюджет қаржысын орынды, ысырапсыз, ашық жұмсауы ең басты міндет. Қаржы ең бірінші кезекте халықтың талабына сай әлеуметтік салалардың деңгейін көтеруге жұмсалуы керек. Ауданда бұл мәселенің талап деңгейінде екендігі анық. Десек те Бейнеуде денсаулық сақтау сала- сында шешімін күтіп тұрған мәселелер бар, бұл мәселелер облыс басшысының назарынан тыс қалмайды. Олардың бірі — «Жедел жәрдем» көліктерін жаңалау. Биыл облысқа жаңа «Жедел жәрдем» көліктері алынып, Бейнеуге жаңа автокөліктер бөлінетінін айтты. Сондай-ақ су құбырымен көп бөлігі қамтылған Бейнеу ауылындағы канализациялық тазалау имаратының жобалық-сметалық құжатын жасақтауға қаржы қарастыру мәселесін шешу бақылауда тұрады. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады. Ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту қазіргі таңда ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан есептік кездесуде мал шаруашылығына байланысты қойылған сұрақ басшылардың қаперінде болуы тиіс. Облыс әкімі Серікбай Трұмов сөзін одан әрі жалғастырып, заман талабына сай даму үшін бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті қолдаудың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшудің бастапқы кезінде мәселелерді пысықтаудың маңызды екендігіне тоқталды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ. Тоқаевтың халықтың негізгі тұтыну тауарларының бағасын қолжетімді қалыпта ұстау бойынша тапсырмасын бұлжытпай орындау міндетті екендігін баса айтты.

Есептік кездесу аяқталғаннан кейін аудан әкімдігі ғимаратындағы «Адалдық алаңы» офисінде облыс әкімі С. Трұмов, аудан әкімі Б. Әбілов аудан тұрғындарын жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, тиісті жауабын берді. Өңір басшысының Бейнеу ауданына іссапарының соңында облыс әкімі Серікбай Трұмов бастаған топ «Әділ сүт зауыты» ЖШС-іне барып, жергілікті өнім өндіретін ұжымның пікір- ұсыныстарын тыңдап, оларға қажетті мәселелерді шешуде қолдау көрсететінін білдірді. Одан әрі Бейнеудегі теміржол вокзалына ат басын бұрып, ескі ғимараттың орнына жаңа заманауи ғимарат салуға ұсыныс білдірген инвесторлардың жобасымен танысты.

Қартбай ҚОЖАЕВ

2042
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Аудан тынысы Бейнеу
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Сарға ауылының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

Келесі жаңалық

Серікбай Трұмов: Орта және шағын бизнеске оң өзгеріс керек

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тәжен ауылына жарық шамдары орнатылды

    13 қаңтар, 14:39
    254

    Боранқұл ауылында балабақша ашылды

    [ 2020 ] 29 желтоқсан, 11:10
    328

    Басымызға қонған бақ

    [ 2020 ] 16 желтоқсан, 09:40
    476

    Бейнеулік түлектер футбол алаңын сыйға тартты

    [ 2020 ] 7 желтоқсан, 11:20
    1381

    Боранқұл ауылында жаңа дәріхана ашылды

    [ 2020 ] 30 қараша, 14:16
    1342

    Ақжігіт ауылында ашық футбол алаңы салынып жатыр

    [ 2020 ] 16 қараша, 11:36
    1435

    Рубрикалар

      Жастар беті Жаңаөзен - 50 жыл Редакция газеттері Қызық дерек Редакция Қоғам Редакция туралы анонс Хабарландыру Құқық Экономика EXPO - 2017

    Автордың басқа да жазбалары

    Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады

    Бүгін 09:56
    5

    Алексей Цой эпидахуал бойынша 2021 жылдың соңына дейінгі болжамды жария етті

    Бүгін 09:41
    14

    Маңғыстауда тағы 2 адамнан коронавирус анықталды

    Бүгін 09:22
    6

    Жаңа Үкіметтің құрамы белгілі болды

    Кеше 16:59
    90

    Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі 5 маусымға дейін ұзартылды

    Кеше 15:52
    81

    Қарақиялық ұстаз арнайы интернет канал арқылы сабақ жүргізеді

    Кеше 14:07
    109

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»