Бейнеу ауданындағы кәсіпкерлердің бірі - Аманжол Омаров 14 наурыз Амал мерекесі күні қарсаңында аудандағы көзі нашар көретін зағип жандарға мейірімділік үлгісін көрсетіп, дастархан жайды. Бұл отырыста Оңғарбай Даулетбаев, Әлекен Бөлтеков, Дүйсенбай Жылқыбаев сынды азаматтар сөз алып, кәсіпкерге өз ризашылықтарын білдіріп, осындай игі шараның алдағы уақытта жалғасын таба берсін деген ақжарма тілегін білдірді. Қырмызы Ұзақбаева мен Толғанай Ниязова әдемі ән шырқап, жиналғандардың көңілін серпілтті. Игі бастамаға себепші болған кәсіпкер А.Омаровқа кеш соңында «Зағиптар» қоғамдық қорының атынан Алғыс хат табысталды.
Үміт ҚАЗДАЕВА