Қызылөзен және Таушық ауылдарындағы әкім есебі
Ауданға қарасты Қызылөзен ауылының әкімі Өскінбай Хаминұлы Ермекбаев 2018 жылғы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халық алдында есеп берді. Есеп беру кездесуіне Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ММ-нің басшысының орынбасары Бақтыбай Науқаұлы Ізімтай, сонымен қатар Түпқараған ауданының әкімі Айдос Таңғалиұлы Хамиев қатысты. Кездесу барысында 2018 жылы әртүрлі салада атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылғы жоспарлар таныстырылды. Ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша ауылдағы спорт алаңын жарықтандыру, үлкен жолдан Қызылөзен ауылына дейінгі 8 шақырым жолдың енін үлкейту сияқты ұсыныстар мен тазалықты жүргізу бойынша ауыл кәсіпкерлері істі өз ауылының кәсіпкерлері бірнеше ұсыныстарын жолдады. Өз кезегінде аудан әкімі жолға және инфрақұрылымға қатысты шаруалар үлкен қаражаттарды талап ететіндіктен кезең-кезеңімен жүзеге асатынын, қалған ауылішілік ұйымдастыратын қолдан келетін шаруалардың шешілуіне ауыл әкімінің жұмыстануы қажеттігін тапсырды. Түстен кейін Таушық ауылында жалғасқан есеп беруде Таушық ауылының әкімі Шалқыбай Әзірбаев ауыл халқы алдында 2018 жылғы жасалған жұмыстарды қорытындылады. Таушық ауылдық мәдениет үйінде өткен жылдық есеп беру кездесуінде тұрғындар өз кезегінде өтініш, тілектері мен сұрақтарын қойып, тиісінше аудан, ауыл әкімдерінен жауап алып, ашық пікір алаңын қалыптастарды. Осы кездесуде Таушық ауылының ауылішілік су құбырынң жұмыстарын аяқтау осы жылдың жұмысы екендігі туралы да ақпарат берілді. Кездесу соңы ауылдың әр салада еселі еңбек етіп жүрген тұрғындарының марапатталуымен аяқталды.Баутин ауылы әкімі есеп берді
Баутин ауылындағы соңғы санақ қорытындысы бойынша 4475 халық тұрады. Баутин ауылының әкімі Дәулеткерей Оразалыұлы Меңдіханов алдымен жергілікті газет бетінде өзінің 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебін жариялаған болатын. Өткен бейсенбі күні Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында ауылдың 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы халық алдында есеп берді. 836 тұрғын үйі тіркеліп, 2354 белсенді тұрғыны бар ауыл әуелден көп ұлтты шағын ауыл ретінде белгілі. Онда 149 өзге ұлт өкілі өмір сүріп жатыр. Аудандағы жалғыз орыс тілінде білім беретін мектеп те осы ауылда орналасқан. Есепті кездесуге қатысқан ауыл тұрғындарына ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ауыл әкімінің баяндамасынан кейін аудан әкімі де өзінің есебін таныстырды. Есеп беру кездесуіне Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов арнайы қатысты. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан мәселелер көтеріліп, ұсыныс, тілектер білдірілді. Онда көбіне ауылішілік ойын алаңдары, тазалық, жұмыссыздық сияқты негізгі мәселелер сөз болды.К.ҚАНСҰЛТАНОВА