©
"Бүгін 23 қараша күні Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында оқыс оқиға орын алып 5 адам уланып қалды. Алдын-ала мәліметтер бойынша төтенше жағдай үйді тазалау және дезинфекциялау барысында туындаған. Салдарынан 2 адам көз жұмып, зардап шеккен тағы 3 тұрғын жедел ауруханаға жеткізілген. Орын алған оқиға орнында құзырлы органдар тиісті шаралар атқарып жатыр", - деп хабарлады mangystaumedia.kz сайты Мұнайлы ауданы əкімдігіне сілтеме жасап.
Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров және оның орынбасарлары, құқық қорғау органдарының өкілдері оқиға орнына барған.
Əкімдіктің хабарлауынша, қазір оқиға болған үйдің тұрғындарын оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
"Бұл мәселе облыс басшылығының жіті қадағалауында", - делінген хабарламада.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен