©
Қарақия ауданында қаңғыбас иттерді аулау және оны жою науқаны жүргізілуде. Осыған байланысты Жетібай ауылында 16-23 қараша аралығында барлығы 107 қаңғыбас ит атылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Жетібай ауылы әкімдігіне сілтеме жасап.
Ит ату науқаны желтоқсан айының ортасына дейін жалғасады. Көшеде жүрген барлық иттер бұралқы болып саналады және жойылуы тиіс.
Айта кетейік, Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» және ҚР «Ветеринария туралы» заңдарына сәйкес қабылданған Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімі бар. Қаңғыбас иттерді ату, оны жою науқаны осы шешімді негізге ала отырып, Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ, «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Қарақия ауданының ішкі істер бөлімі» ММ, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы» ММ арасында келісілген ережеге сәйкес жүргізілген.
Шынар КЕНДІН
Көрнекі сурет сайттың архивінен