«Апат айтып келмейді» демекші, күтпеген апатты жағдайлардың алдын алу, оған әркезде де сақадай сай болып тұру – аса маңызды мәселе. Осы бағытта жоспарлы түрде оқу-жаттығу өткізіп, қызметтік дайындықты пысықтаудың да маңызы зор.
Осыған орай жақында төтенше жағдайлар жөніндегі Бейнеу аудандық комиссиясының ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес «Қыс-2018» оқу-жаттығуы өтті.
Бұл шараға төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет ететін жедел топ құрамалары, ішкі істер бөлімі, байланыс қызметі, медициналық жедел жәрдем қызметі, тағы да басқа төтенше жағдайлар кезінде жұмыс жасайтын мекеме, кәсіпорындар мен арнаулы көлік құралдары қатыстырылды.
Шара барысында төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы, Бейнеу ауданы әкімі Б.Әбілов, комиссия төрағасының орынбасары К.Машырықов және комиссия мүшелері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, шұғыл әрекет ететін құрамалары, өрт сөндіру қызметі мен қызметтік топтардың төтенше жағдайларға дайындығына тексеру өткізді. Және олардың төтенше жағдайлар кезінде атқаратын жұмыс жоспарлары таныстырылды. Қызметтеріне сай төтенше жағдайларға әрқашанда дайын болуы ескертіліп, тапсырмалар берілді.
Кәрісбай ШЕРУБАЙҰЛЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="65544,65543,65542"]