©
Жақында Бейнеуге Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов іссапармен келді.
Бұл сапар барысында Асқар Ұзақбайұлы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан республикалық маңызға ие «Бейнеу-Ақжігіт» автомобиль жолының құрылысымен танысты. Алдымен «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның басқарма төрағасы Ермек Қизатов салынып жатқан жолдың жұмысымен таныстырды.
Сонымен қатар «Теміржол жөндеу» ЖШС-нің бас директоры Ескендір Карсыбеков жұмысы басталған жолдың 85 шақырымы бойынша жасалынып жатқан жұмыстарды, осы мақсатта 18 мамыр күні пайдалануға беріліп, өнімділігі сағатына 175 тоннаны құрайтын асфальт-бетон зауыты жөнінде айтып өтті. «Қамқор менеджемент» ЖШС бас директоры Диас Сүлейменов Асқар Ұзақбайұлына жұмысшыларға арнап салынғалы жатқан жатақхананы таныстырды. Өз кезегінде Асқар Ұзақбайұлы туындаған мәселелерді уақытылы шешуге тапсырма берді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жұмысқа жүйелілік қажетСондай-ақ ол бұл республикалық маңызға ие жол болғандықтан жолдың сапасына көңіл бөлуді міндеттеді. Жол салу үшін бөлінген техникалардың жұмысымен танысып, Ермек Қизатовқа бірқатар тапсырмалар беріп, уақытылы орындалуын қадағалайтынын айтты.
Тұралы ЖОЛЫШОВ