Аядай ғана ауыл Тұщыбектің жастары көпшілікті тағы бір ісімен сүйсінтті. Ауыл ажарын көркейтуге атсалысып жүрген олардың ендігі ісі тіптен ерекше. Олай дейтініміз, еліміздің басқа өңірлеріндегідей өлкемізде соңғы кезде сәнге айналған ағылшын тілінде жазылған «Мен ауылымды сүйемін» жазуын ауылдың орталық алаңына орнатты. Күре жолдың бойындағы шағын ғана ауылға ерекше сән беріп тұрған алаң бүгінде ауыл тұрғындарының демалатын орнына айналған.
Ауылдың үстінен өткен әрбір адамның ойына «Ауылына қарап азаматын таны» деген мақалды түсіретін кішкентай ғана бастаманың артында үлкен күш пен ауызбірішілік жатыр. Бұл - ауыл жастарының бірлігі мен туған жерге деген сүйіспеншілігінің көрінісі деп бағалауға болатын дүние. Бізді қуантқаны, ауыл ажарына алаңдап, елдік істерге араласатын жас буынның өсіп келе жатқандығы.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Уәлихан «Адай» төртінші мәрте жеңіске жеттіБұл істі өзге ауылдардан бірінші болып қолға алған тұщыбектік жастар өздеріне аудандық мәслихат депутаты А.Сарбалаев пен ауыл әкімі О.Күзенбаевтың қолдау танытқанын қуанышпен жеткізді. Халық қалаулыларының ойы ауыл жастарының пікірімен ұштасып жақсы дүниелер туып жатса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Өз тілшіміз