Маңғыстау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті он алтыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде қаралған 12 мәселенің барлығы талқыланып, шешім қабылданды. Аудандық бюджеттің игерілуі жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Шабикованың, аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі мәслихат хатшысы А.Сарбалаевтың және аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығы Қ.Тастеміровтың есебі тыңдалды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заңсыздықты болдырмау бағытында атқарылған қызметтер барысында баяндама жасаған Қ.Тастеміров Маңғыстау ауданында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 20 пайызға, көшеде жасалған қылмыстар жүз пайызға, мас күйінде жасалған қылмыстар 92,3 пайызға төмендегенін және кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс туралы ағымдағы жылдың 3 айында бірде бір дерек тіркелмегенін хабарлады. Дегенмен топпен жасалған қылмыстар саны едәуір өскен.
Осы ретте Маңғыстау аудандық мәслихат депутаты А.Жұмалиев кез-келген жерге қоқыс төгетіндерге жергілікті полиция қызметі тарапынан қатаң қадағалаудың қажеттігін алға тартты.
- Екі ай бойы тазалық жүргізілген жерлерге ауыл тұрғындарының үйден шыққан қоқысын үйіп - төгіп кетіп жатқандығы соңғы кездегі көзге жиі ұшырайтын көріністердің бірі, - дейді халық қалаулысы.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Астан уланудан абай болСондай-ақ күн тәртібіндегі қаралған Маңғыстау ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы, аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы №5/52 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі №2/13 «Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы, Маңғыстау ауданы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы, Маңғыстау ауданының терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №12/145 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелердің де шешімі алынды.
Өз тілшіміз