Рухани жаңғыру ақындардың назарымен
[ 2017 ] 5 шілде, 05:52 | Аудан тынысы
Аймаққа арнайы келген Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жүрсін Ерман мен Болат Шарахымбай мұнайлылықтармен де кездесті. Ақындармен кездесуде аудан басшылығы, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері болды.
Басқосу Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналды. Онда қонақтар Президентіміздің өз мақаласында көбірек назар аударған бағыттар туралы әңгімелеп, еліміздегі бүгінгі жалпы жағдайға тоқталды.
- Рухани жаңғыру - қазақтың тарихи мүмкіндігі. Ұлт болып ұйысып, еңсені тіктейтін уақыттың кезеңі. Ол үшін салтты жаңғыртып, ұлттық кодты сақтау керек. Ал, бұл - тегімізді танудан басталады,-деп сөз сөзінде келдітрген Ж.Ерман ел экономикасының жағымды жақтарын да тілге тиек етті. Соның қарапайым бір мысалы Ақтаудың жылдан жылға ажарлана түсуінде деді.
Түбектің тылсым табиғаты "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға таптырмас орын екенін атап өткен Қазақстан Гуманитарлық Ғылымдар академиясының академигі Б.Шарахымбай болса, бағдарламадағы шараларды қазыналы Маңғыстаудан бастау керек дейді.
Жиынның соңында ауданның теміржолшы ардагері Амандық Алдаберген меймандарға "Аманат" атты кітабын сыйға тартса, қос сөз зергері өлеңдерінен оқып берді.
Шахида ЖҰМАН
953
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.