Елорданың туған күнін Мұнайлы жұртшылығы кең көлемде тойлады. Ауданның аула клубтарының оқушылары мен ұстаздарының, мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен «Жаса, жайна ару қалам – Астанам!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Жиылған жұртшылыққа аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев құттықтау лебізін арнап, Астананың келісті келбеті мен әлемді мойындатқан саяси беделі туралы атап өтті. "Еліміздің бас қаласының қазіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың лебін байқаймыз. Елордамыз қысқа мерзім ішінде мемлекетіміздің ғана емес, Орталық Азия өңірінің экономикалық, саяси және рухани орталығына, өркениеттің сындарлы пікірталас алаңына, ынтымақтастық пен жаһандық қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын анықтайтын орынға айналды. Астанамызда өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер жөнінде ірі халықаралық кездесулердің өткізілуі оған айқын дәлел,-деді ол өз сөзінде.
Кешке Маңғыстау мақтаныштары да қонақ болды. ҚР ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші Асанәлі Көшеров пен республикалық ән байқауының Гран-при жүлдегері, әнші Бауыржан Ретбаев таөнер көрсетіп, әннен шашу шашты.
Шахида ЖҰМАН