©
Бауыржан Қайратов Қайратұлы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.
Бұл туралы кеше Маңғыстау облысы әкімі Е. Тоғжанов жүргізген жаңа жылдағы алғашқы аппарат мәжілісінде айтылды.
Бауыржан Қайратов 1987 жылдың 4 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. Білімі - жоғары (2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Индиана университетін, 2016 жылы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады).
Еңбек жолын 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы «Тасымал көлігі» ЖШС-нің қаржы директоры болып бастаған.
04.2012-11.2012 - сарапшы м.а., Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің арнайы бағдарламалар басқармасының сарапшысы (Астана қаласы);
11.2012-02.2013жж. - Мемлекеттік басқаруды дамыту департаментінің Мемлекеттік басқаруды дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, (Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Астана қаласы).
03.2013-01.2014жж. - Мемлекеттік басқаруды дамыту департаментінің Мемлекеттік басқаруды дамыту департаментінің бас сарапшысы (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Астана қаласы).
01.2014-10.2014 жж. - Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің білім, ғылым, мәдениет және спортты дамыту басқармасының басшысы (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Астана қаласы).
10.2014-02.2017жж. - Әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спортты дамыту басқармасының басшысы;
03.2017-05.2017жж. - Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спортты дамыту басқармасының басшысы (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласы).
05.2017-06.2017жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-аналитикалық орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі.
06.2017-01.2018жж. - «Қазақинвест» ұлттық компаниясы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.