Өңірдегі «Волонтерлар корпусы» жастар тобы жылды қорытындылады. Шара аясында үздік ерікті жастар марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жастар тобының жобаларын жүзеге асырып, қоғамдық қызметте айтарлық жетістікке жеткен волонтерларды ынталандыру мақсатында тағайындалған «Волонтерлар корпусының» сыйлығы табысталды. Қыдырқожа Аханов және Берекет Жарылқапбай «Үздік волонтер» аталымының иегері атанды. «Мейірімді волонтер» аталымына Қымбат Бақытгелдіқызы мен Нұрасыл Нұрбергенов лайық деп танылды. Ал Толғанай Қырымгерейқызы мен Өнер Русланұлы «Үздік координатор волонтер», Эленора Көпбергенова, Ержан Манарбек және Асхат Абугалиев «Көшбасшы волонтер» номинациясымен марапатталды. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="89216,89215,89214"] Оқи отырыңыз: Жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті Айта кетейік, құрылғанына екі жыл толған ерікті топ «Жүрегі толы мейірім» жобасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 180 отбасыға әлеуметтік, 123 жалғызбасты азаматқа адрестік көмек көрсеткен. Сонымен қатар 38 облыстық, 11 республикалық, 7 халықаралық деңгейдегі іс-шарада волонтерлық қызмет көрсеткен. 2017-2019 жылдары Аягөз ауданындағы жауын-шашын салдарынан болған тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 400 кг, Арыс қаласындағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге 4 тонна гуманитарлық жүк жөнелткен. Маңғыстаулық ұйымшыл жастардан құралған ерікті топ Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысына да ие болған.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді Маңғыстау жастар орталығы ұсынды