Маңғыстауда «Мәңгілік ел жастары индустрияға! Серпін 2050» әлеуметтік жобасы бойынша құжат қабылдау басталды. Конкурсқа Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының жастары қатыса алады. ҰБТ-дан және кешенді тестілеуде 50 балл немесе одан да жоғары жинаған талапкерлер бақтарын сынай алады.
Жобаға ҰБТ-ға қатыспағандар және былтыр немесе оған дейінгі жылдары мектеп немесе колледж бітіріп, ЖОО-на түсе алмаған жастар қатыса алады. Ол үшін кешенді тестілеу тапсыру керек.Дегенмен, таңдау пәні мен өзге пәндерден 5 балдан төмен алғандар қатыса алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Әлеуметтік жобаның мақсаты - бес ірі өңірдің жастарын кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.
Жобаның бірден-бір ерекшелігі Ақтау қаласының жастары құжат тапсыра алмайды. Тек аудан, ауыл жастары ғана конкурсқа өтінім бере алады.
«Қазіргі таңда 10 оқу орны құжат қабылдап жатыр. 2017 жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша Маңғыстауда 447 бала грантқа түскен. Жастарымыз Қостанай, Көкшетау, Семей, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған қалаларында оқып жатыр. Барлығы жатақханамен қамтылған. «Серпін» бойынша барлық жылдарды қоссақ, қазір 578 бала 22 оқу орнында оқып жатыр. Оның 484-і шәкіртақы алып отыр. 502-і жатақханамен қамтылған, 578-іне жолақы шығынына төленеді. Былтыр 22 оқу орны құжат қабылдауға келсе, биыл небәрі 10 оқу орны келген. Сондықтан жақсы нәтиже болады деп күтеміз», - деді МО жастар ресурсы орталығының директоры Досан Жеткізген.
Республикадағы әрбір қаладан келген оқу орнынан заман талабына сай түрлі мамандықты кездестіресіз. Яғни, ауыл шаруашылық ғылымдары, агрономия, топырақтану және агрохимия, мал шауруашылығы өнімдерін өндіру, аграрлық техника және технология, орман ресурстары және орман шауашылығы, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, педагогика және психология, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, кітапхана ісі, дене шынықтыру және спорт, туризм, және өзге де жаратылыстану мен техникалық мамандықтар бойынша оқу орнын таңдауға мүкіндік бар.
Мәселен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мал шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға шақырады.
«Ветеринарлық-медицина мамандығы - мал дәрігерлері, ауылдық жерлерде, ветстаницяда, әкімшілікте мал дәрігері болып жұмыс жасайды. Мал ауруларының алдын-алу, онымен күресу, емдеу жұмыстарымен айналысады. Ал ветеринарлық санитария мамандығы - сүтті, етіі майды, жұмыртқаны, балды, өсімдік өнімдерін, картошка және т.б. базарда сатылатын барлық өнімдерді сараптап, адамдарды қауіпсіз тағамдармен қамтамасыз етеді. Мал шаураушылығы өнімдерін өндіру технологиясы бар. Мысалы, сүт өндіретін, ет өндіретін, түрлі цех, зауыттарда жұмыс істеуге болады. Малды асылдандырумен шұғылданады. Осындай ауыл шаруашылығы мамандықтарының негізгі түрлеріне оқытылады», - деді Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің деканы Біржан Нұрғалиев.
«М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Серпін» жобасы бойынша 5-жыл қатарынан талапкер қабылдауда. Жаңа технологиялық бағытта салынған жатақханасы бар, жазғы және қысқы демалыс кезінде жол ақысы төленеді және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Сонымен қатар жоғары білікті оқытушыларға, сұранысқа ие мамандықтар үшін оқу ақысына жеңілдіктер беріледі», - деді университетке құжат қабылдаушы Гүлжазира Жұмағалиева.
Шілденің 18-26 аралығында құжат қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін талапкерлерге мынадай құжаттар қажет:
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="58255,58256,58257,58258,58259"]