Астана
Ғасыр соңы өтерде: Сарыарқада көрген көзді арбайтын, Еуропа мен Азияны жалғайтын, Бақыт құсы төбесінде шарлайтын - Пайда болды жаңа тыныс, жаңа қала, жаңа леп, Ол қаланың табиғаты өзгелерден болды ерек. Оралман мен жергілікті тұрғындарды қоса алса толатын Әсем қала Қазақстанның Астанасы болатын. Уақыт жылжып, заман дамып, Өзгерістер орын алды әлемде, Биік-биік, таңғаларлық ғимараттар Пайда болды әр елде. Норман Фостер сәулетшілік қызметті қолға алып Металл, бетон, хамелеон әйнек қолданып, Күш-жігері болды оның қайрат, ақыл және еңбек Астанада, Сарыарқада бой көтерді „Бәйтерек”. Елім деген әрбір қазақ Эвереске балайтын Алып кешен Бәйтеректі биік шың деп санайтын. ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Түскендей әуе жерге қырық күн шілде Уақыт күтпей өте берді Ілесіп ал дегендей Ойын-сауық кешендері Тұрғызылды кемелдей. „Хан-шатыр” мен „Думан” елдің назарында болды анық, Бұл кешендер халық үшін әсем және болды алып. Білімділік, білгірлік, бәсекеге қабілет, Тәуелсіздік аңсаған ата-баба арманы, Жас ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу болсын деп Орталықта, көзге ұқсас КІТАПХАНА орнады. Ораза, намаз, куәлік беру, пітір, қажылық, Жаратқан Алла жолдаған бізге бес парыз Орындалса, бұл парыздар сенің орның бәрі аңсаған пәк жұмақ, Көзге ілмей кете берсең барар жерің отқа оранған сұм тозақ. Қонақтар мен туристерге және қала жұртына Әркез ашық айқара оның есігі Жаратқанмен тілдесудің бесігі – Қаладағы Әзірет Сұлтан мешіті. Әрбір қазақ аңсағаны - бейбітшілік, татулық пен келісім, Осы жолда қаншама ұрпақ жанын берді елі үшін! Хақ төрінде жанып тұрған Алауы бар мәңгілік- „Отан - Ана” кешенінің Астанада бой түзеуі заңдылық. Сол Астанам, міне, менің мақтанышым, маржаным, Төрткүл әлем атын білген, қолдап халық арманын. Астанамның кетті даңқы Болашақпен жалғанып, Жүрегімнің жыры - арнау, Ақ сезімнің самғауы. Астанама Ақмаралдан бұрын анық өлеңінің бармағы.Ақмарал Берекетова, «Дарын» мектебінің оқушысы
* * *
Бетегесін самал тербеген Сарыарқаның төсінде Сұлулығыңа ешбір шаһар тең келмеген Астанам сен оны білесің бе? Есілдің жағасынан орын тапқан Көгінде қыран құстар қалықтаған Азаттығым ата-баба аманаты Болашаққа мәңгілік болсын қорған Ару қалам, сұлу қалам Астанам! Сендей керім, кербез жерді таппағам Елбасының ерлігінің арқасы Таңғажайып әсем қала орнаған Астанам жүрегімнің жалынысың Шалқыған шабытымның жарығысың Елдігімнің айғағын айқындатқан Күш-қуат қайратымның қарымысың. Астана Отанымның жүрегі Барша қазақ оны жақсы біледі Алтын шырақсың қадіріңді ұққанға Уа, Тәуелсіздік тірегі Бірлікпенен ынтымағы жарасқан Шырқалсын азат елде ғажап ән Тау-тасың жұмсақ, Жастанып мәңгі жатсамда Бүйіріме батпаған Айбарлы абыройлы Астанам Көгімде желбіреген, Көк байрағыммен мақтанам.Фариза ХАЙДАРОВА
* * *
Жырыма арқау – Астана Астана – туған елдің жүрегісің, Кеудемнен өлеңім боп төгілерсің. Сарыарқаның төсінде күндей күліп, Бой түзеп күнненкүнге гүлденесің! Астана – әсем әуен, көркем өлең, Ғашықпын дәл өзіңдей өлкеме мен! Жиырмаға жаңа толған Жас Арусың, Есілдің жағасында еркелеген. Астана – сен елімнің бетпердесі, Қырандай қанат қағып көкке өрлеші. Бабамның сан мыңдаған арманы осы, Я, Алла! Қазағыма көп көрмеші. Астана – Тәуелсіздік белгісі едің, Еліме өзіңменен келді сенім. Тұғырың ешқашанда аласармай, Ғұмырың ұзақ болсын енді сенің! Астана – махаббатым, мақтанышым! Көркейіп күнненкүнге жатырсың сен, Тәңірге мың қайтара тәубе деймін, Қазаққа сый ғып сені тартқаны үшін. Астана-мұнаралы Хан Шатырсың, Жаңа ғасыр тұрғызған жас қаласың. Көркіңмен көрген жанды сүйсіндіріп, «Әлемнің қаласы» боп аталғансың. Астана – тамыры терең Бәйтерексің, Самұрық ұя салған биіктенсің. Сақтаған атабаба салт-дәстүрін, Аңыз боп ұрпақтарға өрілесің. Астана – Бейбітшілік Сарайысың, Достық пен тыныштықтың қалауысың. Алашымның рухын асқақтатар, Таңдарың бейбіт күнмен арайлансын! Басқадан асып тұрған бәс-бағасы, Еңсең биік елімнің – Елордасы. Қазағымның Керуенін алға тартып, Жасай бер, Мәңгілік Ел – Астанасы!Халима БИМЫРЗАЕВА, Маңғыстау ауданы
* * *
Шаһар
Кеуде ішінде ескі ұрандар жаңғырып, Өткен күнге телміргенде әр күдік - Шимайлайды жолы шалыс сананы. Самала жүз, ақ жаулықты ананы, Найза ұшына ай шаншыған ерлерді, Іңір бояп қан төгілген жерлерді, Зұлым жанар түйрегенде сәбиді – Осылайша көне ғасыр жаниды... Тариx үні ес аластап енген күн, Шаттық ада кәрі ағаштай тербелдім! Ұмыттырып қоңыр мұңның тізбегін, Қатігездік іздерін, Нұрға бөлеп сансыз мекен өзегін, Ысқырығын ұмыттырып жебенің, Қол бұлғаған мейірімдей алыстан, Азаттықтың айғағындай шам ұстап, Бар қазақтың ізгі күнін қостаған, Кеуде ішінде сен жаңғырдың, Астанам!Мадияр ТӨЛЕУОВ