©
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде 2000-нан астам жас жауынгер таңдаған әскери мамандықтары бойынша дайындықты тәмамдады.
Әскери қызметте жастардың тәжірибесі зор, сенімі нық, білімі мол болуы үшін жоғары дайындықтар, сабақтар үздіксіз жүргізіледі. Жақында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамын мамандықтар бойынша дайындады. 2000-нан астам әскери қызметкерді біліммен сусындату мақсатында 192 оқу тобы құрылып, 300 тәжірибелі сержант сабақ берді. Онымен қоса білім алушылар оқуматериалдық базаны, әскери техника мен ату жарақтарын, оқ-дәрілерін пайдаланды.
– Мамандықтарға оқытудың басты мақсаты – жас сарбаздардың өз әскери бөлімдерінде таңдаған мамандықтары бойынша жұмыс жасауына септесу, қызметін толық меңгерту, әскери техника мен қаруларды игерту, дәл атысты үйрету болып табылады. Бүгінде жауынгерлер өз әскери бөлімдерінде оқыған мамандықтары бойынша қызметке білек сыбана кіріскен, – дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қолбасшының бірінші орынбасары, штаб бастығы, полковник Нұрлан Алдияров.
Х.ОРЫНБАЙҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген автор