«Зевс энерго» ЖШС жұмысшылары осыған дейін жұмысты тоқтатып, ереуілге шыққан еді. Серіктестік қызметкерлердің талабын ішінара қанағаттандырған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Дегенмен серіктестік өкілдері нақты қандай талап орындалғанын хабарламады.
- Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды. "ҚазТрансОйл" АҚ өндірістік нысандарының барлық өртке қарсы бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жұмысшылар өз жұмыс орындарына шықты. Бұрын жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, өңірлік кәсіподақтар бірлестігі, "Қазтрансойл" АҚ және "Зевс Энерго" ЖШС туындаған жағдайды реттеу бойынша келіссөздер жүргізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша қызметкерлердің талаптарын ішінара қанағаттандыру туралы уағдаластық жасалды, - делінген серіктестік хабарламасында.