Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен «ӨзенМұнайГаз» АҚ №2 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының кәсіподақ төрағасы Қ. Мамаевқа 30 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, судьяда, жергілікті өзін-өзі басқару лауазымдарын атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, ол №2 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының көлік жүргізушісін қызметтен босатпай, слесарь лауазымына ауыстыру үшін лауазымды адамдарға ақша беремін деген желеумен 1,5 млн теңге көлемінде пара алған.