20 қазан күні Бейнеу ауданының әкіміне үміткер Шалбаев Рахымжан Ысқақұлының сенім білдірген өкілдері Бейнеу ауылындағы «Бейнеу», «GOLD» супермаркеттерінің және «SULPAK» тұрмыстық техника сататын дүкен қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Рахымжан Ысқақұлының алдағы сайлауалды бағдарламасы жөнінде ақпарат берді.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында:
Индустриялық аймақты құру үшін инженерлік инфрақұрылым салуға жұмыстану;
Бейнеу ауылының оңтүстік-батыс аумағынан ірі сауда орталығын салу;
Кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын және орта бизнесті субсидиялау, кепілдік беру, гранттық қаржыландыру, оқыту;
Аудан кәсіпкерлерін жан – жақты қолдау және олардың құқықтарын қорғауды назарда ұстау;
Осы мақсатта жұмыстар жалғасатыны жөнінде Рахымжан Ысқақұлының сенімді өкілі және белгілі кәсіпкер Жаннар Меңдіқұлова атап өтті.
Қаржысы жергілікті бюджет қаражатынан төленді