Ақтау қаласында 30 қазан мен 4 қараша аралығында «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бір күнде қалалық учаске инспекторлары 25 адамды анықтап, есепке алды. 13 адам уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрақты тұрғылықты жері, құжаты жоқ тұлғаларды анықтау және қылмыстың жолын кесу. Полиция қызметкерлері тұрғын үй кешендерінің, жертөлелердің, қараусыз қалған ғимараттар мен қоғамдық орындардың кіреберістерін тексеруде.
Ақтау қалалық полиция бөлімі азаматтарды заңда белгіленген талаптарды бұзбауға және қылмыс жасаудан аулақ болуға шақырады.