Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға (көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығына 3-қосымшада бекітілген Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидаларына (Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты беруді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (Қор) филиалдары (көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке басты куәландыратын құжатпен (сәйкестендіру үшін) және Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе портал арқылы сұрау салу жіберу жолымен жүгінеді.
Порталдан онлайн қызметті алу үшін www.eGov.kz пайдаланушысы ретінде тіркелуіңіз қажет. Жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемқызмет стандартына сай беріледі.
Үшінші тұлғалардың әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алуы үшін өтініш Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша беріледі.
Қор филиалының мекен-жайы: Ақтау қ., 16 ш/а, 22/1-ғимарат, 405-кеңсе.