Instagram-да «ҚазМұнайГаз» әрбір қазақстандыққа 208 мың теңге өтемақы төлей бастағаны туралы хабарлама тарады. Төлемді алу үшін күмәнді сілтемеге өтіп, жеке деректерді жазуы керек. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі жалған жарнамаға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарды интернет желісінде сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге шақырады. Төлем жарнамасы – фейк. Бұл - интернет алаяқтарының ісі.
- Ұсынылған инвестициялық мүмкіндіктердің немесе басқа ұсыныстардың дұрыс екеніне сенімді болу үшін әрқашан ресми сайт және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар сияқты ақпарат көздерін тексеру маңызды. «ҚазМұнайГаз» kmg.kz бір ғана ресми сайты бар екенін ресми түрде мәлімдейді. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының атынан әрекет ететін барлық басқа сайттар алаяқтық әрекеттер», – деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.