Бүгін Ақтауда 15 шағынаудандағы Самал теңіз жағалауында 1987 жылы туған ер адам үрлемелі қайықпен жағадан алыстап кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ТЖД-нің хабарлауынша, 1987 жылы туған Н. Есімді азамат сағат таңғы 08:20-да үрлемелі қайықпен жағадан 1,5 шақырым қашықтап кеткен.
Ол құтқарушылардың көмегімен жағаға шығарылды. Медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ азаматтарды су қоймасында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.