32 в шағын ауданындағы Шаңырақ ТҮК тұрғыны үйлердің ауыз су құбыры ай сайын жарылатынын айтады. Соның кесірінен тұрғындар сусыз қалған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«К7 Group үйлерін сатып алмауға кеңес беремін. Үйлерді салып, шетінен әдемі жарнама жасап сата берген ғой. Оның жағдайын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмаған соң білгендерін жасап жүр! Құбырлары өте сапасыз. 10 жыл болмаған тұрғын үйлердің құбырларының сау жері жоқ», - деп жазды әлеуметтік желіде Шаңырақ ТҮК тұрғыны.
Ол көктем келсе ыстық суды тағы ажырататынына шағымданады. Сондай-ақ онсыз да қысымы төмен су 4-қабаттан жоғары пәтерлерге жетпейтінін айтады.