Маңғыстауда 2023 жылы цифрландыру саласында 25 жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайт Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Хадиевтың айтуынша, «109 – Бірыңғай коммуналдық диспетчерлік орталығында» 17, ал «Sergek Project LTD» ЖК Маңғыстау өңірлік филиалында 8 жаңа жұмыс орны құрылған.
- Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен Mangystau IT-хаб орталығындағы жеке инвесторлар — «Sergek Projects» және «Көркем Телеком» бірлескен консорциумы жаңа жұмыс орнын құру және жас IT-мамандарын дайындау жұмыстарын 2023 жылдың желтоқсан айында «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы» базасында іске асырады. Жастарға арналған IT-хабтың негізгі мақсаты – облыс тұрғындарына цифрлық қызмет көрсету, ақпараттық-коммуникациялық шешімдер мен бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, IT-мамандарын оқыту және жобалар мен жаңа стартаптарды жүзеге асыру үшін гранттар бөлініп, жұмыс орындарын құру,- деді Айдын Хадиев.
Жастар бұл IT-хаб орталығында Full Stack Development, Software Engineering, Cloud Engineering, Data Science, Machine Learning Program бағыттары бойынша мамандықтарды игереді. Одан бөлек, графикалық дизайн, желілік және жүйелік басқару, мехатроника, инженерлік графика CAD, ұялы робототехника, компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қосымшаларды дамыту», веб-үлгілеу курстары оқытылады. Түпкі нәтиже – нарыққа сапалы ІТ мамандарды дайындау және өңіріміздің цифрландыру саласын жоғары деңгейге жеткізу.
Қазіргі таңда Mangystau IT-хаб өкілдері облыс жастарына Pizza pitch, Speaker Talk, Google Developers Group (GDG), Digital nomads сөз сөйлеуі секілді іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.