Ақтаудағы бұрыннан келе жатқан қосымша білім беру орталықтарының бірі төрт жылдан бері ерекше балаларды оқытып келеді. Олар мүсіндеу мен сурет салуды, домбыра тартуды және өсімдіктерді өсіруді, суретке түсіру мен түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды үйретуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Орталықтағылар «Менің Қазақстаным – азат!» республикалық байқауына фотосуреттер жолдап, қазір байқаудың нәтижесін күтуде. Фоторепортажды «Школьник Орталығы» КММ тәрбиеленушісі 16 жастар Люба Голуб дайындаған. Ол – екінші топ мүгедегі.
«Жақында балалар теңіз тақырыбында қолөнер бұйымдарын жасады. Балалар ыдыстарды безендіріп, тастарға теңіз, маяк және желкенді қайықтардың суретін салды. Балалар жасаған барлық қолөнер бұйымдарын қолөнер шеберханасына тапсырдық. Нәтижесінде бұл мүсіндердің көпшілігі сатылды. Орталық тәрбиеленушілері еңбектерінің бағаланғанына қаншалықты қуанғанын білсеңіз ғой! Ал Люба Голуб пен Азамат Абдуғапаровтың кей жұмыстарын «Каспий толқыны» фестивалінде атап өтті», - деді бастапқы техникалық модельдеу пәнінің мұғалімі Валентина Зайцева.
Орталық 2019 жылы «Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілі» жобасына алғаш қосылғанда мұнда 3 ерекше бала ғана білім алса, қазір – олардың саны он есеге артып отыр. Сабаққа облыстық балалар психоневрологиялық интернаты мен саңырау және нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары да қатысады.
Мұғалімнің айтуынша, ерекше балалар әртүрлі материалдарды жақсы сезінеді, сонымен қатар балалардың көпшілігінде сурет салу және мүсін жасау қабілеттері жақсы дамыған.
17 жастағы Меруерт Көңілқостың диагнозы – күрделі, ол бірінш топ мүгедегі. Оның анасы 4 жыл бұрын қызын сабаққа бергісі келгенін, бірақ диагнозға байланысты барлық жерден теріс жауап келгенін айтады. Тек осы орталық мамандары ғана қызымен жұмыс істеуге келіскен. Есеміне қазір Меруерт бұл орталықта сурет салуға бейімдігін дәлелдеген.
«Ол орталыққа барғанды ұнатады және әр сабақты асыға күтеді. Ол салған суретінің өзгелердікінен ерекше болғанын қалайды. Қызымның расында да сурет салуға бейімі бар. Орталықтағы ән ұстаздың еңбегіне, балаларға ерекше қарым-қатынас жасай білгеніне ризамын. Менің қызым да орталықтағы мамандардан жатырқамайды. Мұндай балалардың өздерін қоғамнан шеттетілгендей сезінбеуі өте маңызды, сондықтан оның жалпы топқа барып, басқалар сияқты оқитынына және барлық жарыстарға қатысқанына қуаныштымын», - дейді Меруерттің анасы Айкүміс.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған үйірмелерді таңдау мұғалімдердің дайындық деңгейіне байланысты. «Школьник» орталығы мұндай студенттермен жұмыс істеуге дайын.
«Бізде «ЭкоӘлем» атты үйірме бар. Мұнда педагог Әсем Жолбатырова балалармен, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейді. Олар қоршаған әлеммен танысады, өсімдіктер өсіреді, экологиялық шараларға қатысады. Біз сондай-ақ жаңа гидропоника клубын енгіземіз. Балалар микрожасылдарды өсірумен айналысады. Мүмкін бұл олардың болашағына бағыт болар. Бүгінде сурет салу және модельдеу үлкен сұранысқа ие, өйткені олар балалардың эмоционалдық күйзелісін азайтады. Қазір орталыққа домбыра үйірмесін де енгіздік. Біз барлық балалардың дамуы мен қоғамға араласып, тең мүмкіндіктерге ие болуы үшін кішкентай кезінен-ақ инклюзивті орта құру керектігін түсінеміз», - деп атап өтті «Школьник орталығы» КММ педагогикалық психологы Марина Имаева.
Орталық 5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға – тегін. Тұрақты оңалтуды және мамандармен түзету жұмыстарын үнемі қажет ететін ерекше балалардың ата-аналары үшін бұл – жағымды жаңалық.