Ақтауда «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 29 шағынауданда 18 жастағы жасөспірімді ұстады. Жеке тінту кезінде одан 182 бума синтетикалық есірткі тәркіленді, -деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД-ға сілтеме жасап.
Тінту кезінде тұрғылықты жерінен 30 қаптама синтетикалық есірткі және 30 қаптама гашиш тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы - 250 грамм.
Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен Ақтау қалалық ППБ-на тіркелді.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.