Қала тұрғындары көбіне жылу жүйесін өзгертіп, жөндеу жұмыстарын жүргізген көршілеріне шағымданады. Сондай-ақ олар қызмет көрсетуші мекеме өкілдерін үйлеріне кіргізбейтін де көрінеді. Ал соның әсерінен өзге пәтерлер жылусыз қалады. Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы осындай жағдайда не істеуге болатындығын айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жылыту проблемалары туындаған жағдайда сіз үйге қызмет көрсететін тұрғын үй кеңсесіне хабарласқаныңыз жөн. Олардың байланыс нөмірлерін түбіртектерден табуға болады. Көршілер жылу жүйелерін «өзгерткен» немесе пәтердегі қақпаны ашуға келіспейтін жағдайларда тұрғын үй инспекциясы тікелей сотқа жүгінуге кеңес берді.
Тұрғындар жылу желілеріне қосылуға қатысты сұрақтар бойынша ПИК немесе МИБ қызмет көрсету ұйымына, сондай-ақ «КЖСА» МКК 60-53-16, 60-53-22, телефондары бойынша хабарласулары қажет.
What's App: 87004308024.
Тұрғын үй кеңселерінің жедел диспетчерлік қызметі (демалыс және мереке күндері):
Апаттық диспетчерлік қызмет-1
8702 596 30 95
Апаттық диспетчерлік қызмет-2
8701 710 45 13
8700 969 84 84