Полицейлер Ақтау-Жаңаөзен тас жолында Toyota Alphard көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында салоннан «марихуана» есірткі заты салынған қорап табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты полиция департаментіне сілтеме жасап.
Одан әрі тінту кезінде 34 жастағы жолаушының күртесінің қалтасынан өсімдік тектес «гашиш» есірткі заты салынған пакет табылды.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы — 1 келі 373 грамм.
Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша Маңғыстау облысы полиция департаментінде тіркелді.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.