23-25 ақпан аралығында Маңғыстау облысының оқушылары робототехника бойынша ең ірі жарыстардың бірі “Central Asia FIRST Championship” чемпионатына қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен додаға Қазақстанның әр өңірінен үш мыңнан астам оқушы, әлемнің түрлі елдерінен 200-ден астам команда бақтарын сынады.
Чемпионат дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас).
Жарыс қорытындысы бойынша: FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас) санаттары бойынша Жаңаөзен “Білім-инновация” лицей- интернатының «Rebels» командасы «Design award winner», «Best uniform winner», «Best mascot winner» номинацияларымен, FLL Explore (6-10 жас) санаты бойынша Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беретін мектептің “Қыран”, “Diamonds” командалары “AGAINST ALL ODDS AWARD” номинациясымен және “FLL EXPLORE BEST MENTOR AWARD” (үздік тәлімгер) номинациясымен 55 ментор ішінен аталған мектептің информатика пәні мұғалімі Кабиева Турган Тынымжановна марапатталды. Сонымен қатар “Tanym” жекеменшік мектебі командасы "Үздік командалық дизайн" марапатын және "FLL EXPLORE" медалін иеленді.
Сондай-ақ, чемпионаттың гранттық бетпе-бет сұхбат бөлімінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Жаңаөзен “Білім-инновация” лицей-интернатының және “Білім-инновация” лицей-интернатының оқушылары қазақстандық жоғары оқу орындарына грант ұтып алды.
Олар:
Бимағанбет Сұлтан – Алматы энергетика және байланыс университеті (АУЭС);
Орынбай Батыржан Алматы энергетика және байланыс университеті (АУЭС);
Байгубен Әділет - Astana IT University;
Ерлепес Бек - Yessenov University;
Кушеров Ұлықпан - Yessenov University;
Избасар Ратбек - Yessenov University.