Маңғыстау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жаңөзен қаласында тексеріс жүргізіп, 200-ден астам діни мазмұндағы кітап тәркіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Жаңаөзендегі базар, ірі сауда орталықтары мен кеңсе дүкендерін аралап, тексеріс жүргізді. Нәтижесінде сауда нүктелерінің иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 409 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.