«Aktau SOS» қайырымдылық жобасының ұйымдастыруымен балалар ауылының тәрбиеленушілері «Tetysblu» тақырыптық саябағына барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Aktau SOS» қайырымдылық жобасы үнемі қайырымдылық мерекелерін ұйымдастырып тұрады. Бұл жолы жоба жетекшісі Максим Кенжеев «Tetysblu» тақырыптық саябағына балаларды апарғысы келетінін айтып, әлеуметтік желіде көмек сұраған еді.
- Білесіз бе, негізі балаларға, адамдарға, жануарларға көмектесу қиын емес. Дүниеде қаншама зұлымдық бар? Сондықтан әлемді сәл көркейтіп, сауапты істер атқарайық. Баладарды қуантуға үлес қосқан баршаға шексіз алғысымызды білдіреміз. Әрі қарай жасар жақсылықтарымыз көбейе берсін. Бізбен бірге болған адамдарға рахмет, - деп бөлісті Максим Кенжеев.
Айта кетейік, балаларға қуаныш сыйлауға ерікті қала тұрғындары да үлес қосты.