Хромтау қаласында волейболдан 2010-2011 жылғы жасөспірім қыздар арасында өткен ҚР күзгі чемпионатында Маңғыстау облысының қыздар құрамасы жүлделі 2-орынға ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
« Маңғыстау тарихында алғаш рет ел біріншілігінде күміс жүлдеге ие болдық. Сондай-ақ волейболдан күзгі чемпионатта 2008-09 жылғы қыздар құрамасы 16 команда арасынан 6-орынға ие болды. Бұл - біз үшін үлкен жетістік. Спортшыларды жаттықтырып, алдағы жарысқа дайындаған әріптестерім Саламат Мусаев, Гүлсара Утарбаева, Рауан Ізтұрғановқа рахмет айтқым келеді, - деді жаттықтырушы Бексұлтан Өмірғалиев.
2008-2009 жылғы қыздар құрама командасында «Үздік ойыншы» номинациясымен Евгения Киселева марапатталды.
Голрох Жеменей