ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов Жаңаөзен қаласының 5548 әскери бөліміне барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Еркін Ботақанова өңірдегі құқықтық тәртіп мәселелері бойынша қабылданып жатқан іс-шаралармен, сондай-ақ әскери қызметшілердің тұрмысымен танысты. Бөлім командирі әскери бөлімнің қызметтік – жауынгерлік қызметін және Жаңаөзен қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз етуге жұмсалатын күш-жігердің саны мен көлемі туралы баянатты ұсынды.
Сапар барысында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов сарбаздар асханасына, әскери бөлімнің оқу – жаттығу объектілері мен сарбаздар казармасына барып, әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігіне жоғары баға берді, әскери бөлімнің жеке құрамы Жаңаөзен қаласында қауіпсіздіктің лайықты деңгейін қамтамасыз ете алатынына сенім білдірді.
"Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев жеке құрамнан Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына сенім білдіргені үшін алғысын білдірді.