Маңғыстауда өзге өңірлерде су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау үшін ресми шот нөмірі ашылды. Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу және Маңғыстау аудандарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмыс істейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Әбдіқадыров мәлімдеді.
"Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесеміз деген желеумен ақша жинауға тырысуы мүмкін. Біз тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Егер сіз көмек көрсеткіңіз келсе, ақшаны ресми шоттарға аударған жөн", - деді Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Әбдіқадыров.
Алаяқтық жағдайларын болдырмау үшін Бауыржан Әбдіқадыров гуманитарлық көмек қабылдау пункттерінің тізімін атады.
- Бейнеу аудандық «AMANAT» партиясының филиалы - Бейнеу ауылы, «AMANAT» партиясының Бейнеу аудандық филиалының ғимараты - 87016383889, 87718159009, 87078150190
- Маңғыстау аудандық «AMANAT» партиясының филиалы - Шетпе ауылы, «AMANAT» партиясының Маңғыстау аудандық филиалының ғимараты - 87057397535, 87756600636
- Маңғыстау облысының ассамблеясы - Ақтау қаласы, 34 ш/а - 9 ғимарат «Достық үйі», 87015080484.
- «Мы люди – Мы вместе» қайырымдылық қоры - Ақтау қаласы, 32В ш/а, 12 үй - 87028210650
- Жаңаөзен қалалық Аналар кеңесі - Жаңаөзен қаласы - Жаңаөзен политехникалық колледжі - 87716182222
Қаржылай көмек жинақтаушылардың ресми тізімі:
«Казимпэкс-Актау» қоры
БИН 061040004608
Шот KZ6094811KZT22030059
АО Евразийский банк
БИК EURIKZKA
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында қаражатты Kaspi.kz қосымшасында «Төлемдер» - Қайырымдылық сервисінде аударуға болады https://kaspi.kz/pay/kazimpeksAktau?started_from=QR