Алқа отырысында атқарушылық құжаттар жүргізуде сот орындаушылар тарапынан болған заң бұзушылықтар талқыланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, кемшіліктер салдарынан 152 борышкерге қатысты республика аумағынан шығуға шектеу қойылмаған, 97 тұлғаның мүлкін өндіруге бағытталған жұмыстар атқарылмаған, 250-ден астам тұлғаға қатысты жауаптылыққа тарту мәселесі қарастырылмаған және атқарушылық құжаттардың уақтылы толықтығын қамтамасыз етпеу салдарынан мемлекет пайдасына 11 млрд. теңге өндірілмеген.
Облыс прокуроры Руфат Құттықов кәмелетке толмаған балалардың конституциялық құқықтары бұзылмауының қоғам арасында орасан зор маңыздылығын атап өтті.
"Соңғы 3 жылда прокурорлар алимент төлемеген 166 борышкерді әкімшілік, 44 борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тартты, балалардың пайдасына 126 мың теңге өндірді, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алқа отырысының нәтижесі бойынша шешім қабылданып, тиісті органдарға алимент және мемлекет пайдасына өндіру туралы атқарушылық құжаттарға мониторингті күшейту, міндеттерін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлердің жауаптылығын шешу және заң талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.