Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында Әбу Райхан әл-Бируни атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиада өтті. Қазақстан ұлттық құрамасы төрт медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жеңімпаздар қатарында маңғыстаулық Әділжан Молдағұлов та бар. Ол Маңғыстау облысының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы. Білім бәйгесінде күміс жүлдені қанжығалады.
Олимпиада екі кезең бойынша өтті, қатысушылардың білімі мен әлеуеті жазбаша және практикалық зертханалық жұмыстармен бағаланды.
Айта кетейік, Әбу Райхан әль-Бируни атындағы халықаралық олимпиада Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Оған 16 елден 130 жас ғалым қатысты. Қазақстан ұлттық командасының құрамына химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасының төрт жүлдегері енген болатын.