Ақтау қаласының 60 жылдығына орай амфитеатрда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жобалық көліктердің қайырымдылық көрмесі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрмеге 70-ке жуық көлік қойылды. Олардың қатарында retro, classic, JDM, Moto маркалы көліктері бар.
-Қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған іс-шара арқылы демеушілердің тарапынан жиналған қаржыға 10 отбасыға көмек көрсетілді. Көрме 3 сағатқа созылды. Қызығушылық танытып келген тұрғындар өте көп болды, - деді көрменің бас ұйымдастырушысы Арман Төлегенов.
Айта кетейік, 70 көлікке мерейтойлық логотиптер жабыстырылып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.