Бірнеше күннен кейін көктем келеді. Әдетте наурыз айы ақтаулықтарды жақсы ауа-райымен қарсы алатын. Ал биыл ауа райы қандай болатынын mangystaumedia.kz мәлімдейді.
Көктемнің басында күн суытады. Күндіз ауа температурасы +7, +9 градустан жоғары көтерілмейді, түнде температура нөлден төмен болады. Наурыздың көп күндері бұлтты болады.
Синоптиктердің болжауынша, айдың екінші жартысында жаңбыр жауады.
Наурыздың ортасынан бастап ауа температурасы +11, +14 градусқа дейін көтеріле бастайды. Түнде +6, +8 градус болады.
8 наурыз күні Ақтауда күндіз +4 градусқа дейін, түнде -1 градусқа дейін аяз болады, Наурыз мерекесінде жаңбыр жауады, күндіз +12, түнде +6 градусқа дейін жетеді.