• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 6 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

2025 жылы Ақтау әуежайында жаңа әуе рейстері ашылады...

Қазақстандық спортшылар Олимпиада медалі үшін қанша алады?...

Ақтауда күрделі ота сәтті өтті

Қоян-қолтық ұрыстан «Батыс» ӨңҚ әскери қызметшілері чемпион атанды...

  • USD: 477.15 ₸
  • EUR: 522.43 ₸
  • RUB: 5.63 ₸

Мұнайсыз да миллион табуға болады

2 тамыз, 09:41  |  Маңғыстау жаңалықтары

© Сүлеймен Серіков

Өкшесін көтеріп, еңбек еткен адамның қашан да алдынан несібесі күтіп тұрады. Әсіресе ер азаматтарымыздың екі қолына бір күрек табыла кетері анық. «Ер азығы түзде» деген бабалардан қалған нақыл сөз бүгінгі заманда да күшін жойған емес. Арамызда мамандығын кәсіпке айналдырып немесе табыс көзін басқа саладан тауып, отбасын асырап отырған жастар жетерлік. Көпке үлгі болсын деген мақсатта, осы мақаламызда солардың бірнешеуін тілге тиек етпекпіз.

Шайыр ауылының тұрғыны Рысбек Мұратов – мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған кәсіпкер. Жоғары білімі бола тұра, шаруашылықты таңдаған ол бүгінде түйе, қой санын көбейтіп, етін, сүтін сатып, пайда көзін тауып отыр.

– Алғашқыда қолымызда он түйе болды. Соны тұрақты түрде бағып, бес жылда 30 түйеге көбейттік. Қой санын да солай көбейтіп жатырмыз. Қазір түйелерді келіншегім сауады, шұбатын дайындайды. 2-3 күн сайын қалаға барып, әр барған сайын 80–100 литр шұбат сатамыз. Аптасына 150–180 мыңдай пайда көреміз. Мен бұл кәсіпте жалғыз емеспін, қасымда көмекші інім бар. Отбасылық кәсібіміз деп айтсам да болады. Ата-анам Ақтау қаласында тұрады. Жақында үй алдық. Балаларымды сол кісілер оқытып жатыр. Ал біз келіншегім екеуміз, інім болып шаруашылыққа ие болып отырмыз. Тапқан табысымыз бүтін бір отбасын асырауға жетіп жатыр. Шүкір етеміз, – дейді ол.

Орда бұзар отыз жасқа келген Рысбек ата-бабадан қалған мал шаруашылығын ары қарай дамытуды көздеп отыр. «Малда береке бар» деген ұстанымдағы жас кәсіпкердің бұл әрекеті ауылдан қашып, қалаға жетіп, одан қалды жұмыс таппай сенделіп жүргендерге үлгі боларлықтай.

***

Келесі кейіпкеріміз Абылай Бекқажы да қазіргі жасап жатқан кәсібін сонау студент кезден бастапты. Бакалаврдың бірінші курсында жүріп, жатақханада принтер сатып алып, реферат, СӨЖ, курстық жұмыстарды шығарып, табыс тапқан ол бүгінде әжептәуір баспахананың иесі.

– Негізі, алғашқы кәсібім мектеп кезінен басталды. Ең алғаш nokia телефондары көмектесті. Ескі телефондарды сатып алып, жөндеп, қайта сататынмын. Жоғары сыныптарда Алматыға оқуға түссем деп армандап жүрдім. Сонымен қатар Алматыға барсам бизнес ашамын деген ниет сол кездің өзінде-ақ пайда болды. Сол уақыттарда әкемнің кәсібіне көмектесіп жүріп, өзімнің сатуға деген ыңғайым бар екенін байқадым. Өзім армандағандай Алматыға оқуға түстім. Бірақ қалаған мамандығым емес. Бұл менің бизнес бастау туралы ойымды жүзеге асыруға асықтырды. Әрине, өзің студентсің, жаңа қала. Бәрі жаңа. Менде бірнәрсе бастай қоятындай капитал жоқ. Клиенттердің өзінің ақшасын айналдыру керек болды. Солай көлік бөлшектерін интернет арқылы сатып, бүкіл өңірлерге жеткізе бастадым. Сұраныс жақсы болды. Кейін қосымша тағы бір нәрсе істеу керек деп ойланып жүргенімде ойламаған жерден жақсы идея келді. Сол идея мені қазірге дейін асырап келе жатыр. Бакалаврдың бірінші курсында жатақханада тұрамыз. Күнделікті сабаққа керек қағаздарды шығартумен көп шапқылаймын. Реферат, СӨЖ, курстық жұмыстар. Мен ғана емес, барлық студенттер бұл қызмет түріне көп жүгінеді. Осылайша, бүкіл 3Х1 принтерлер, түрлі-түсті қағазбен шығаратын құралдардың барлығын сатып алдым. Жаңа шағын кәсібім осылай басталды. Уақыт өте келе ізденістің арқасында жатақхана қабырғасынан басталған шағын бизнес үлкен ізге түсе бастады. Қазір баспа ісімен айналысатын кәсібіміз бар. Жаңа этапқа өттік деп айтсам болады. «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» дегендей, қасымда досым да бар. Біз жоғарыда айтқан қызмет түрлерінен бөлек маркетинг, дизайн жұмыстары, SMM бағыттары бойынша түрлі жобалар ұйымдастырамыз. Қазір бір-біріне ұқсамайтын бірнеше бизнес түрлерін ашуға дайындалып жатырмыз. Бүгінгі күні айына 700–800 мың аралығында таза пайда тауып жүрмін. «Адамды адам ететін еңбек» дейді ғой. Қаржылық сауаттылықты арттыру туралы кітаптарды жиі оқимын. Ал, мотивация деген дүние біреуден не бірнәрседен алынбайды. Жәй ғана еңбек ету керек, еңбек ету керек. «Алма піс, аузыма түс» деп жатқаннан ештеңе өнбейтінін түсіну керек. Мемлекеттік қызметте 8–10 сағат жұмыс істесең, өзіңнің ісіңде 16 сағаттан көп жұмыс істейсің. 24 сағат басың ойдан босамайды. Бұл формада жүруге үлкен көмек, үнемі әрекет ете берген адам жалқаулануға ынтасы да болмай қалады. Сондықтан тек үздіксіз еңбек қана адамды жетістікке жетелейді. Ең бастысы, еңбек етуге деген құлшыныс болу керек, – дейді Абылай Боранбайұлы.

***

Әлішер Жұмағұлов ұстаздық жолды таңдаған. Ағылшын және француз тілдерін еркін меңгерген ол бүгінде ұстаздық етумен қатар, балаларды қосымша тіл үйренуге баулиды.

– «Gasyr Foundation School» мектебінде оқушыларға сабақ беремін. Қосымша жеке сабақтарды да өткіземін. Мұғалім болу – үлкен жауапкершілік. Бұл жерде тек пайда көзін ойлауға болмайды. Алдыңда отырған шәкіртіңнің санасына өзіңдегі білімді барынша сіңіру керек. Менің ұстанымым осы. Бірақ жақсы өмір сүру үшін материалдық жағдайың келісті болу керек. Мен балаларға білім бере отырып, айына 600 мыңнан жоғары табыс табамын. Ең бастысы ол емес, менің түсінігімде, әр адам осы өмірге керек. Менің жағдайымда ол – оқушыларды жақсы деңгейге жеткізіп, олармен сауатты коммуникация құру, – дейді Әлішер Айдарұлы.

***

Бейнеулік 27 жастағы Сүлеймен Серіков те бүгінде екі кәсіптің басын ұстап отыр. Осыдан 8 жыл бұрын әкесі бастап ашқан жиһаз жасайтын шағын цех қазіргі таңда үлкен кәсіпке айналды. Жастайынан атаанаға қолғабыс болған оның бұл кәсіптің дамуына қосқан үлесі зор.

– Колледжде оқып жүріп, соңғы курсқа келгенде түбегейлі жиһаз жасауға бет бұрдым. Бастапқыда цехымыз шағын болатын. Құрал-саймандарымыз да жеткіліксіз, ағаштарды қолмен өлшеп, кесіп жасайтынбыз. 2017 жылы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы жылдық пайызы төмен несие алып, жиһаз жасайтын станоктарымызды автоматтандырдық. 2018 жылы «Жас проект» жобасына қатысып, 1 миллион теңге грант ұтып, керекті құрал-саймандар алдым. Артынша «Жас кәсіпкер» деген жобаға қатысып 500 мыңдай тағы да грант ұтып алып, цехтың қасынан шағын шәйхана аштым. Ол кәсібімізді ары қарай дамытып, түскен табысты шәйхананың өзіне жаратып, қазір кофехана қылып жабдықтадым. Барлық керекті аппараттарды алдым. Ішін келген адамдардың демалып отырып, кофе ішуіне жағдай болатындай, жағымды эмоция сыйлайтындай қылып өзгерттім. Цехтағы жұмысымыз да жүріп жатыр. Жұмысшылар алдық. Бейнеу ауданында жиһаз жасайтын 10 цех бар. Барлығында да тапсырыс өте көп. Кейде үлгермей жатамыз. Жалпы, менің ойымша шағын кәсіпті ауылдан бастаған дұрыс. Себебі бұл жақта бәсекелестік аз. Есесіне тұтынушылар көп. Тез дами аласың. Ал қалалық жерде бәсекелестік қарқынды дамыған. Қазір айына табатын табысым 2-3 миллион теңге арасы. Еңбекке ерте араласып, кәсіптің дәмін татқан соң, осы күнге дейін басқа жерден жұмыс іздеп көрмеппін. Себебі кәсіп жасасаң қаржылық еркіндікте жүресің. Ата-анам бастаған кәсіпті бүгінгі күні өзім толықтай жалғастырып алып кеттім. Әлі отбасын құрған жоқпын. Алдағы уақытта үйлену жоспарымда бар. Тойға кететін шығындарды да дайындап жинап қойдым. Жалпы кәсіп жасағысы келетін адамға қашан да нан табылады. Мемлекет тарапынан да қолдау көп. Соны пайдалана білу керек, – дейді Сүлеймен.

***

Мамандығын кәсіп көзіне айналдырып, табыс тауып жүрген жастардың да қатары көп. Бердіғали Қуанышқалиұлы күйшілік мамандығының арқасында өнер орталығын ашып, балаларға ұлттық аспапта ойнауды үйретіп жүр.

– Өнер мектебін ашып, онда балаларға домбыра тартуды үйретіп жүрмін. Домбыра бұл – қазақ халқының киелі аспабы. Сол киелі аспапты дәріптей жүріп, айына 2-3 миллион арасында табыс табамын. Қазіргі таңда бір ғана жұмыспен күн көру мүмкін емес. Қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланып, қоғамға пайдалы бола отырып, бір жағынан отбасыңды, ата-анаңды материалдық тұрғыда қамтамасыз ете алатындай жағдайда өмір сүру керек деп есептеймін, – дейді ол.

***

Маңғыстау – жұмбаққа толы әлемі бар көрікті мекен. Әр тасы мен тауына сыр бүккен осы өңірді көруге еліміздің әр түкпірінен, шет елден келетін туристердің жыл сайын қарасы көбеюде. Осы тұста бүгінгі күні өлкемізде гид мамандығы сұранысқа ие. Осындай жаңа мамандықтың тұтқасын ұстаған Сұлтанғали Сәрсенбай облысқа келетін туристерді Маңғыстаудың көрікті жерлерінің, жер асты мешіттерінің тарихымен таныстырады.

– Жаңаөзен қаласында тудым. Мектепті жақсы оқыдым. ҰБТ-дан 112 балл алып, Ш.Есенов университетіне мұнай-газ ісі мамандығына оқуға түстім. Бірақ, оқу бітірген соң басқа саланы таңдадым. Яғни, туризм саласы жаныма жақын болды. Қазіргі таңда алыс-жақыннан келетін туристерге тур сатамын, сонымен қатар гид болып, оларға туған жерімнің тамаша жерлерін таныстырамын. Мамандығым – мен үшін мақтаныш. Гид болу – ең алдымен туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Тарихи, табиғаты тамаша көрікті жерлерді туристермен бірге аралап жүріп, айына 700 мыңнан жоғары табыс табамын. Бұл – мезгіл талғамайтын жұмыс. Себебі, туристер қыс-жазға қарамай, жыл он екі ай үздіксіз Маңғыстауға сапар шегеді, – дейді Сұлтанғали Сәрсенбай.

***

Осы тұста кейбір жастардың санасында «Мұнайда ғана табыс бар» деген жалған қағида қалыптасып, шегеленіп қалғаны еске түседі. Әсіресе, маңғыстаулық аға-інілеріміздің дені жұмыс іздеу дәстүрін әп дегеннен мұнай саласынан бастайды. Ел экономикасының басты қозғаушы күші – мұнай, газ болғанымен, оның да бір күні сарқылары анық. Өткен жылдың 18 сәуірінде өткен Қазақстанның әлеуметтікэкономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің батысында мұнай таусылса, аймақтағы ахуал күрделене түсетінін атап өтті.

– Батыста, әсіресе, Маңғыстауда, жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл – дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетуі мүмкін. Сондықтан жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арнайы жоспар бойынша атқару қажет, – деген еді президент.

Мұнайсыз да миллион тауып жүрген жоғарыда аты аталған жастардың бүгінгі әрекеттері - «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей» деген мақалға тағы да дәлел болды. Қоғамда өз ісін тауып, мол табысқа кенеліп, өзгелерге де пайдасы тиіп жүрген ер азаматтар жетерлік. Осындай еңбекқор, іскер азаматтардан қол қусырып жүргендер үлгі алса екен...

Айгүл ОРЫНБАЕВА

190
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Аққұдық ауылындағы су мәселесі шешімін тапты

Келесі жаңалық

Ақтауда "Ана әлдиі" видеоролик байқауының жеңімпаздары анықталды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
    4301

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    4469

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    4132

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    3432

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    3452

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    4407

    Рубрикалар

      Маңғыстау жаңалықтарыӘдебиетанонсҚұқықФотоСаясатҚызық дерекСпортАудан тынысы

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда базар жастары арасында шағын футболдан турнир өтті

    Кеше 17:26
    127

    Биыл маңғыстаулық студенттер арасында стартап байқауы өтеді

    Кеше 16:44
    213

    Маңғыстау аудандық Шоқыр Бөлтекұлы атындағы балалар мен жасөспірім спорт мектебінің жаңа басшысы тағайындалды

    Кеше 16:20
    221

    Ақтау әкімдігінде қонақ үй маңындағы тазалық мәселесі талқыланды

    Кеше 15:57
    103

    Маңғыстау жолдарына проекциялық өткел қойылды

    Кеше 15:54
    97

    Ақтауда бірқатар шағынаудандарда ауыз су қысымы уақытша төмендетіледі

    Кеше 15:47
    82

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»