Аққұдық елді-мекенінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Ақмая» жерінде орналасқан 2 скважинаның біреуі бітеліп қалып, ауыз су уақытша тоқтаған болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Осыған байланысты «ӨзенМұнайГаз» АҚ және «Кезби» ЖШС-нің қолдауымен 5 техника және арнайы мамандар жұмылдырылып, ұңғыманың көзін ашу және тазалау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда мәселе толығымен шешілді”, деп хабарлады Қарақия ауданының әкімдігі.
Айта кетейік, осыған дейін су тұщыту қондырғысының толық қуатта жұмыс жасауы үшін қажетті жабдықтармен толықтыру және пайдалануға жарамсыз болып тұрған 100 кубтық жерасты резервуарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген болатын.