
Бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет сотталған М. есімді азамат «Баянды-2» ауылындағы үйдің біріне заңсыз кіріп, алтын сырға мен сақина және ақша ұрлап, 120 000 теңге материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұнайлы аудандық соты М-ға қатысты қылмыстық істі ҚК-тің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы, яғни тұрғын үйге заңсыз кiріп жасалған ұрлық бабы бойынша қарады.
Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін толықтай мойындауы, шын ниетпен өкінуі, ал, әрекетінде қауіпті қылмыстардың қайталануы ауырлататын мән-жай ретінде танылды.
Бірінші саты сотының үкімімен М. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша М-ға тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен оған түпкілікті 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.