Маңғыстауда биыл жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Рай» әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығына 11 әйел және 32 бала көмекке жүгінді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығының директоры Райхан Бекманованың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық 15 адамға арналған. Сонымен қатар орталыққа келген әрбір әйелге әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрінің 2017 жылы шыққан бұйрығына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бойынша 8 бағытта көмек көрсетіледі. Атап айтқанда әлеуметтік қызмет, құқық, психологиялық, тәрбиелік,педагогикалық, мәдени-демалыс сауықтыру және еңбек терапиясы.
- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған әрбір әйел орталықты 6 айға дейін паналай алады. Бірақ оның мәселелерін шешу үшін өзінің келісімі мен құқығы бойынша паналау мерзімін анықтай алады. Әйел 1 айға немесе бір күнге келуі мүмкін. Егер ол жыл ортасында келсе онда ол желтоқсан айына дейін өмір сүре алады өйткені біз жыл басынан бастап санаймыз,-дейді Райхан Бекманова.
Айта кетсек, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған аналар бірден осы нөмірге хабарласа алады:
+ 7 778 559 6463. Көрсетілген нөмір республика аумағы бойынша тіркелген.